Миллиондарды таптаған "Атлетико". Анчелотти мырза, есеп 0:4!

08.02.2015, 04:44
Миллиондарды таптаған "Атлетико".  Анчелотти мырза, есеп 0:4!
Әрине, "Атлетико Мадрид" жеңеді деген болжамдар көп болды. Футболға "Сантьяго Бернабеудың" төңірегінен шығып қарай алар кез келген жанкүйерден сұрасаңыз, сөзсіз "Атлетикоға" бәс тігер еді. Себеп көп. "Висенте Кальдерон"-бір, турнирдегі жағдай-екі, Рамос-Пике жұбының жоқтығы-үш! Бірақ, 4:0 есебін ешкім күткен жоқ. Бәлкім, маусымдағы ең маңызды ойының Симоне командасы жоғарғы, жоғарғы емес ау, ғарышқтық деңгейде өткізді.  Өз алаңында қарсыласты бірден психологиялық тұрғыдан таптауға тырысатыны "Атлетиконың" күндегі әдеті. Ойынның 20-сыншы минутына жетпей-ақ алаң қожайындары Касильястің қақпасына екі гол тоғытты. Әуелі, Тьяго жойқын соққысымен есепті ашса, 18-ші минутта ойын басында Кокені алмастыруға мәжбүр болған Сауль маусымдағы ең әдемі голдардың бірін салып, таблодағы есепті 2:0-ге жеткізді. Бұндайды күтпеген "Реал", Висенте Кальдерон жасыл алаңында не істерін білмеді. Роналду, Бэйл, Бенземалар "еріп" кетті, ал Начо-Варан жұбы қателік артынан қателік жіберіп отырды. Егерде, Симоне жігіттері өз мұмкіндіктеріне ұқыпты қарағанда, Касильяс қақпасына тағы да бір емес, бірнеше голдар кіруі мүмкін еді. Атлетико уничтожил Реал в мадридском дерби Бірақ, екінші таймда бәрін өз орнына қойды Атлетико. Қаңтардың үздігі Гризманн Сауль берген пас пен Варанның "ұйықтап" қалғандығын пайдаланып, есепті іріледі. Ал, алаңға шыққан Торрес те көзге түсті. Әрине, гол салған жоқ. Бірақ, Манджукичке гол салар мүмкіндікті туғызып берді. 4:0! Ешкім күтпеген нәтиже. Былтырғы Чемпиондар Лигасының финалынан кейін, Симоне корольдік клубқа әбден кек сақтап қалған секілді. Испан Суперкубогін таpтып алды, Испан кубогінен ұшырып жіберді, міне бүгін екінші рет Испан Премьерасында тізе бүктірді. Осы маусымдағы Чемпиондар Лигасында да "Реал Мадридті" тоқтатар "Бавария", "Барса", "Челси" емес, дәу де болса осы "Атлетико" болар. Атлетико Мадрид-Реал Мадрид-4:0(2:0) Голдар: Тьяго, 14; Сауль, 18; Гризманн 67; Манджукич, 89
 
1  РЕАЛ МАДРИД 22 18 0 4 70-22 54
2  БАРСЕЛОНА 21 16 2 3 57-11 50
3  АТЛЕТИКО 22 16 2 4 47-20 50
4  СЕВИЛЬЯ 21 13 3 5 35-24 42
5  ВАЛЕНСИЯ 21 12 5 4 38-19 41
6  ВИЛЬЯРРЕАЛ 21 11 5 5 35-20 38
7  МАЛАГА 21 10 5 6 24-21 35
8  ЭЙБАР 22 7 6 9 25-31 27
9  ЭСПАНЬОЛ 21 7 5 9 27-32 26
10  СЕЛЬТА 21 6 6 9 20-23 24
11  ДЕПОРТИВО 22 6 6 10 20-34 24
12  РАЙО ВАЛЬЕКАНО 21 7 2 12 22-38 23
13  АТЛЕТИК 21 6 5 10 18-26 23
14  РЕАЛ СОСЬЕДАД 21 5 7 9 21-28 22
15  ХЕТАФЕ 21 5 5 11 16-29 20
16  АЛЬМЕРИЯ 21 5 4 12 18-33 19
17  КОРДОВА 21 3 9 9 16-31 18
18  ГРАНАДА 21 3 9 9 14-33 18
19  ЭЛЬЧЕ 21 4 5 12 18-42 17
20  ЛЕВАНТЕ 21 3 7 11 13-37 16

 

Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×