Неміс Бундеслигасы. Дортмундтың көп күттірген жеңісі

08.02.2015, 04:04
Неміс Бундеслигасы. Дортмундтың көп күттірген жеңісі
Неміс Бундеслигасының кезекті туры кеше орталық ойынымен басталған еді. Ди Матео баптайтын "Шальке" мен менхенгладбахтық "Боруссия" кездесіп, "Шальке" жеңіске жетіп, үшінші орынға көтерілген еді. Ал, бүгін тағы да бірқатар ойындар болып өтті. Дағдарысқа түскен Чемпиондар Лигасының екі жыл бұрынғы финалисті "Боруссия Д", осы жылдағы бірінші жеңісіне қол жеткізіп, қуанудың не екенін ұмытқан жанкүйерлеріне қуаныш сыйлады. Өткен ойында, "Сигнал Идуна Паркте", жанкүйерлерінен біраз сөз естіген Клопп шәкірттері, қонақта "Фрайбургті" ірі есеппен тізе бүктірді. Ройс бір рет мергендікпен көзге түссе, габондық шабуылша Обамеянг екі гол салды. Дортмундықтар соңғы орыннан екі саты жоғары көтерілді. Фрайбург-Боруссия Д-0:3(0:1) Голдар: Ройс, 9; Обамеянг, 56, 72 Штутгарт-Бавария-0:2(0:1) Голдар: Роббен, 41; Алаба, 50 Вольфсбург-Хоффенхайм-3:0 Голдар: Дост, 3; Де Брюне, 28, 84

 

 
1  БАВАРИЯ 20 15 4 1 45-9 49
2  ВОЛЬФСБУРГ 20 12 5 3 41-19 41
3  ШАЛЬКЕ 04 20 10 4 6 31-22 34
4  БОРУССИЯ М 20 9 6 5 27-17 33
5  АУГСБУРГ 19 11 0 8 26-22 33
6  БАЙЕР 19 8 8 3 29-20 32
7  ХОФФЕНХАЙМ 20 7 5 8 31-33 26
8  ГАННОВЕР 19 7 4 8 22-28 25
9  АЙНТРАХТ Ф 19 6 6 7 36-39 24
10  КЕЛЬН 20 6 6 8 19-23 24
11  ВЕРДЕР 19 6 5 8 30-40 23
12  МАЙНЦ 20 4 10 6 25-26 22
13  ГЕРТА 20 6 3 11 26-38 21
14  ГАМБУРГ 19 5 5 9 12-21 20
15  ПАДЕРБОРН 07 20 4 8 8 21-34 20
16  БОРУССИЯ Д 20 5 4 11 21-27 19
17  ФРАЙБУРГ 20 3 9 8 21-30 18
18  ШТУТГАРТ 20 4 6 10 20-35 18

 

Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×