Мино Райола мен Эрлинг Холандтың әкесі Барселонада жүр

01.04.2021, 23:56
Футболшының агенті «Барселонаның» президентімен кездесіп, алдағы жоспарларын білгісі келеді.
Мино Райола мен Эрлинг Холандтың әкесі Барселонада жүр

Футбол агенті Мино Райола мен дортмундтық "Боруссияның" шабуылшысы Эрлинг Холандтың әкесі Альф-Инге Расдаль Холанд Барселона қаласына каталондық клубпен келіссөздер жүргізу үшін келді, деп хабарлайды журналист Фабрицио Романо.

Олар бүгін "Барселонаның" жаңа президенті Жоан Лапортамен кездеспек. Мино Райола каталондық клубтың жоспарымен танысқысы келеді. Келіссөздер тек әңгіме жүзінде болмақ.

Бұған дейін дортмундтық "Боруссияның" жазғы трансферлік терезеде шабуылшы Эрлинг Холандты 180 миллион еуро төлеген командаға сатуға дайын екендігі туралы ақпарат пайда болған еді.

Эрлинг "Боруссияға" "Ред Булл Зальцбургтен" 2020 жылдың қаңтарында қосылды. Норвегиялық шабуылшының дортмундтық клубпен келісім-шарты 2024 жылдың 30 маусымына дейін есептелген. Transfermarkt порталы ойыншыны 110 миллион еуроға бағалап отыр.

Бұл маусымда Холанд Бундеслиганың 21 матчына қатысып, 21 гол соқты (біреуі пенальтиден) және төрт нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×