Қазақстан Чемпионатының ойындары Q SPORT EXTRA телеарнасында көрсетіледі

01.04.2021, 22:26
Премьер-лиганың үшінші турындағы төрт ойын осы арнадан көрсетіледі.
Қазақстан Чемпионатының ойындары Q SPORT EXTRA телеарнасында көрсетіледі

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Q SPORT EXTRA спорттық телеарнасымен келісім-шартқа отырғаны туралы хабарлайды.

OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының ойындарының бір бөлігін жаңа телеарнаның тікелей эфирінде көре аласыздар. Q SPORT EXTRA телеарнасын қазіргі таңда Alma TV (2021 жылдың 2 сәуірінен бастап, соның ішінде almatvbox.kz сайтында ОТТ-сервисінде), TV Com (tv-com.kz сайтында ОТТ-сервисінде), Galam TV (galamtv.kz қазтелерадиосының ОТТ тегін сервисінде), Bee TV (Beeline цифрлық телеарнасында), Tele2 TV және Altel TV (Tele2 және Altel мобильдік операторының ОТТ-сервисінде) жерсеріктік пакетінде көруге болады.

- Қазақстандық футболдың жаңа спорт телеарнасында көрсетілуі — ҚКФЛ және барлық отандық футбол сүйер қауым үшін жақсы жаңалық. Чемпионаттың бас демеушісі OLIMPBET компаниясының қолдауымен біздер Q SPORT EXTRA телеарнасымен бірге цифрлық құрылғыларда отандық футболдың көлемін арттырамыз. Себебі ОТТ қолайлы сервисінде Чемпионаттың көп көлемде көрсетілуі жанкүйерлерге ойындардың тікелей эфирлерін үлкен экранда және әр түрлі смарт-құрылғыларда көруге мүмкіндік береді, - деді Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының Техникалық директоры Олег Кунгуров.

Q SPORT EXTRA телеарнасының директоры Сәрсембаев А.Б. ҚКФЛ-мен жасалған келісім-шарттың маңыздылығын атап өтті:

- Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы — жанкүйерлерге қызықты телевизиялық өнімді өз бетімен жасайтын еліміздегі аз ғана спорттық мекемелердің бірі. Біздер Лигамен келісім-шартқа қол жеткізіп, OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының ойындарын өзіміздің жаңа арнамызда көрсететінімізге қуаныштымыз.

OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының кезекті турындағы «Каспий» - «Жетісу», «Тұран» -«Қайсар», «Қызыл-Жар СК» - «Шахтер» және «Ордабасы» - «Ақжайық» ойындары Q SPORT EXTRA телеарнасының тікелей эфирінде көрсетіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×