Мирослав Беранек: «Бұл ойынмен Наурыз мерекесіне сый жасағымыз келеді»

22.03.2013, 22:21
Мирослав Беранек: «Бұл ойынмен Наурыз мерекесіне сый жасағымыз келеді»

Қазақстан ұлттық құрама командасы Германияға қарсы кездесуге тас-түйін дайын. Тіпті, ойынның түнгі уақытқа қойылғаны да бас бапкердің айтуынша Қазақстан футболшыларына керемет нәтиже көрсетіп, жанкүйерлерге сый жасауға ешқандай кедергі емес. Ұлттық құраманың азулы қарсыласқа дайындығының қалай екендігін Мирослав Беранек матч алдындағы баспасөз мәслихатында айтып берді.

- Алдымен Әлем біріншілігіне іріктеу асындағы қарсыласымыз, Германия құрамасы туралы айтып берсеңіз... - Әрине, Германия құрамасы әлемдегі ең үздік командалардың бірі. Оның құрамында өнер көрсететін ойыншыларының көбісі әлемің үздік клубтарында ойнайды. Ертеңге кездесуде тең ойнау мәселесі өте қиынға соқпақ. Дегенімен, біздің басты мақсатымыз өз алаңымызда немістерге қарсы жақсы ойын өткізіп, жанкүйерлерге ұнайтын сүбелі ойын өрнегін көрсету болып отыр. Тактика жағынан мен сізге толықтай бәрін ашып көрсете алмаймын. Ол әзірге жұмбақ. - Жуырда «Кубань» командасына ауысқан Бауыржан Исламханды құрамаға шақыртпапсыз. Оның себебі неде? - Бауыржан Исламханның «Кубань» сапына ауысқаны орынды жағдай. Ол Достастық кубогы кезінде жарақат алған болатын. Сол жарақаты әзірге толықтай жазыла қойған жоқ. Оның үстіне ол жаңа ұжымға барып үйренісіп жатыр. Сондықтан, мен оны құрамаға әзірге шақырмай-ақ қояйын дедім. Оның орнын басатын тәжірибиелі футболшылар баршылық. Жалпы мұндай кездесуде алаңға тәжірибиесі бар ойыншылар шыққаны жөн деп санаймын. - Германияға қарсы ойын Орталық Еурапа уақытымен өтетін болды. Яғни, Қазақстан уақытымен сағат 24.00. Бұл туралы не айтасыз? - Шынымды айтсам, мен мұндай уақытта ойыншы ретінде де, бапкер ретінде де футбол ойнамағанмын. Ойынның түнгі уақытқа белгіленгенінің бір себебі Орталық Еуропа сағатымен бір болуы үшін. ФИФА қабылдайтын арнайы тәртіптерге сай болып отыр. Түнгі уақытта ойнау біздің футболшылар үшін аса қатты бас ауыртатын мәселе болмайды деп есептеймін. Оның үстіне біз 1 апта ішінде жаттығулардың барлығын түнде жасап жатырмыз. Ойыншылардың ағзалары бұл жағдайға да үйренетін уақыт болды деп білемін. - Қазақстан-Германия ойыны тура 22 наурыз, қазақтың жаңа жылы күні өтетін болады. Бірнеше жыл бұрын Ұлттық құрама 22-наурыз күні Қазақстан құрамасы азулы Сербияны ұтып үлкен сый жасаған болатын. Бұл жолы қалай болмақ? - Барша Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Ұлттық құрама командасы да осы мерекеге сый жасағымыз келеді. Барынша сол үшін тырысатын боламыз. Алаңда кез келген ойыншы нәтиже үшін соңына дейін күреседі. Мен жанкүйерлерден олардың «Астана-Арена» стадионын толтырып, бізге қолдау білдіргенін сұраймын. Өйткені, қалың жанкүйердің футболда 12-ойыншы екендігі белгілі. Астанадан арнайы тілші Уалихан Қосанбай
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×