Мирослав Клозе Италияның «А» сериясында ойнайтын болды

10.06.2011, 05:21
Мирослав Клозе Италияның «А» сериясында ойнайтын болды

Германия құрамасының шабуылшысы Мирослав Клозе Италияның «Лацио» клубына ауысты. Келісім шарт уақыты – екі жыл. Италиялық командаға дейін Клозе  Мюнхендік «Баварияның»   негізгі шабуылшысы қызметін атқарды. Неміс құрамасының тарихында атақты Герд Мюллерден кейінгі екінші шабуылшы атанған Мирослав мюнхендіктер сапында 2007 жылдан бастап өнер көрсетті.Осы уақыт аралығында Германияның екі дүркін Чемпионы (2008, 2010 жылдары) атанады.Оған қоса 2010 жылы Бундеслиганың Кубогін және Суперкубогін ұтып алады. «Бавариямен» келісім шарт аяқталғанда екі жақ келісе алмай,  6-шы маусымда шабуылшы командадан кетеді.Енді Клозе жаңа Еуромаусымды Италияның  «А» сериясында бастайтын болады.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×