Младенов: «Командаларда вирус жұқтырғандар көп»

01.08.2020, 16:17
«Қайсардың» бас бапкері Стойчо Младенов Қазақстандағы коронавирусқа қатысты жағдай және қызылордалық команданың Шымкенттегі базада орналасуы туралы айтып берді.
Младенов: «Командаларда вирус жұқтырғандар көп»

«Біз бірнеше күн бойы Шымкенттегі базада болдық. Біз толықтай оқшауландық. Кешен керемет, көптеген алаңдары бар. "Ордабасы" ойыншылары да осында жаттығады, бірақ біздің олармен байланысымыз жоқ.

Өкінішке орай, Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны қайтадан көбейе бастады. Күніне 1000-2000 адам жұқтыруда. Ауруханалар толып жатыр. Орындар жоқ. Жергілікті билік лайықты жауап берді, олар марапатқа лайық, өйткені адам өмірі ең жоғары құндылық.

Чемпионат 4 тамызда басталуы керек еді, бірақ 17 тамызға ауыстырылды. Егер ол 17 тамызда басталса, матчтар бір ғана қалада - Қазақстанның бұрынғы астанасы Алматыда өтеді. Ол жерде чемпионаттың барлық матчтарын өткізетін стадиондар жеткілікті.

Шымкентте 7 тамызға дейін боламыз. Егер чемпионат 17 тамызда басталса, біз Алматыға барамыз.

Футбол командаларында вирус жұқтырғандар көп. Вирус жұқтырмаған команда жоқ. Білесіз бе, вирус біздің ойыншыларға да жұқты, бірақ балалар қазір жақсарды», - деді Младенов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×