«Наполи» 60 миллион еуроға шабуылшы сатып алды

01.08.2020, 16:44
Осимхен «Наполи» тарихындағы ең қымбат трансфер болды.
«Наполи» 60 миллион еуроға шабуылшы сатып алды

Шабуылшы Виктор Осимхен "Лилль" клубынан "Наполиге" ауысты. Football Italia хабарлағандай, тараптар арасындағы келісім бес жылға жасалған.

21 жастағы Нигериялық шабуылшы «Наполи» тарихындағы ең қымбат трансферге айналды. Неаполитандықтар ол үшін 60 миллион еуро төледі. Сондай-ақ, келісім аясында "Наполи" қақпашысы Орестис Карнезис "Лилльге" ауысты.

Өткен маусымда Осимхен 38 ойын өткізіп, 18 гол соқты, 6 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×