Младенов «Қайсарды» маусым соңына дейін жаттықтырмауы мүмкін

30.10.2020, 01:30
Одан бөлек ойыншылардың да келісімшарты екі аптадан кейін аяқталады.
Младенов «Қайсарды» маусым соңына дейін жаттықтырмауы мүмкін

«Қайсар» футбол клубының бас бапкері Стойчо Младенов командада 2020 жылғы маусымның соңына дейін жұмыс істеуден бас тартты.

Ақпарат көзінің мәліметіне сүйенсек, болгар маманының қызылордалық клубпен келісімшарты 15 қарашаға дейін жарамды. Пандемияға байланысты Қазақстан чемпионаты ұзаққа созылып, 2 желтоқсанда аяқталатын болды. Бірақ Младенов «Қайсар» тізгінінде белгіленген уақыттан артық қалғысы келмейді. Күнтізбеге сай «Қайсар» 15 қарашадан кейін тағы төрт ойын өткізуі керек.

Младеновке осы екі аптада клубта қалу ұсынылған, бірақ ол алған бетінен қайтпай отыр. Тіпті қызылордалық клуб төлейтін аса қомақты жалақы да оны райынан қайтара алмайтын секілді. Коронавирусқа дейін Стойчо айына 20 миллион теңге алып жүр.

Сондай-ақ, бас бапкермен бірге бірнеше шетелдік ойыншының да келісімшарт мерзімі қараша айында аяқталады. Олар: қорғаушы Иван Граф, жартылай қорғаушы Кларенс Битанг және шабуылшылар Александр Станисавлевич, Алвин Фортес, Режиналдо, Александар Колев және Элгуджа Лобжанидзе. Демек «Қайсар» маусымды бапкерсіз ғана емес, шетелдік ойыншыларсыз да аяқтауы мүмкін.

Айта кетейік, қазіргі уақытта «Қайсар» 14 ойында 20 ұпай жинап, турнирлік кестеде бесінші орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×