Могамед Адиев еліміздің қай клубын тізгіндейді?

Қазақстан Премьер-лигасында чемпионат аяқталып, енді ауыс-түйістер, трансферлік ауысымдар маусымы басталды. Әр команданың айналасында алып-қашпа әңгімелер көбейді. Соның бірі, Қазақстан ұлттық құрамасының экс-бас бапкері Могамед Адиев Қостанайдың «Тобылын» тізгіндейді деген жаңалық әлем желіде желдей есті.

Могамед Адиев еліміздің қай клубын тізгіндейді?
фото ашық дерек көзден алынды

Бірақ, бұл ақпарат расталмады. «Тобыл» ФК басшылығы «бұл тек қауесет. Біз оны мүлдем ойлаған да емеспіз» деп даңғаздана жауап берді. Екінші тарап та үнсіз қалмады. Могамед Мұсаұлына жақын адамдардың бірі «Оған «Тобылдан» ешкім хабарласқан жоқ» деп жалған инсайдтың нүктесін қойды. Жалпы Могамед Мұсаұлы жұмыссыз қалмайтыны белгілі. Қазір бос жүрген білікті бапкер Қазақстан Премьер-лигасындағы белді клубтардың бірін тізгіндеуге қарсы емес. Сенімді көздерге сенсек, Адиевке Шымкенттің «Ордабасы» командасы қызығышулық танытып отыр. Жаңа құрам, жаңа жоспар құрып жатқан шымкенттік клубқа Могамед Мұсаұлы секілді нәтиже көрсететін маман қажет.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×