АСТАНА. 20 мамыр. ҚазАқпарат - Ұрылар Саран қаласында орналасқан «Мордовия» футбол клубы директорының кеңсесінен 10,34 млн рубль салынған сейфті ұрлап кетті.Ресейдің «Жаңалықтар» агенттігінің хабарлауынша, бұл жайында жергілікті құқық қорғау органының өкілі мәлім еткен.
«18 мамыр күні шамамен сағат 13:40-та полицияға «Мордовия» футбол клубының директоры 17 күні сағат 20:00 мен 18 мамыр күні сағат 06:30 аралығында Понерский көшесі бойында орналасқан клубтың әкімшілік ғимаратына екі адам терезе арқылы кіріп, өз кабинетінен жеке ақшасы салынған сейфті ұрлап кеткендігі туралы арыз берді», - деп атап өткен құқық қорғаушылар.
РФ ІІМ баспасөз орталығында ұрлықтың болғандығын растағанымен, оның қалай орын алғандығын ашып айтқан жоқ. Аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалды.