Моуриньо: Джерард - ұлы тұлға

20.01.2015, 07:13
Моуриньо: Джерард - ұлы тұлға
"Челсидің" бас бапкері Жозе Моуриньо «Ливерпульдің» капитаны Стивен Джерардты сыйлауға шақырды, кезінде өз командасының сапына шақырғанын да жасырмады. Лига Кубогы аясында «Энфилдта» өтетін матч қарсаңында Жозе «Ливерпуль» капитанына  деген  таңданысын білдірді. «Мен 2005 жылы «Челси» сапында көргім келген, жалғыз ойыншы ол – Джерард болатын. Тіпті мен ол ойыншыны команда сапында көруді армандаған болатынмын. Ол- "Ливерпуль" тарихы,  Премьер-Лигада аты аңызға айналған адам және қарсылас ретінде де сыйлауға тұратын адам » - деді Sky Sports-қа берген сұхбатында. "Біз Джерардтпен келісімшарт жасау үшін қолдан келгенді аямадық. Егер ол бізге келіп қосылғанда сол кезеңдегі ең мықты орталық жартылай қорғаушылар бір команда сапында ойнар еді. Өзіңіз ойлаңызшы Макелеле мен Лэмпардқа Джерард келіп қосылғанда...". «Сол кезде көп адамдар оның «Челси» сапына қосылатынын айтып жатты, тіпті БАҚ өкілдері де жарыса жазды. Джерард маған ешқашан «Челси» сапына ауысатыны туралы айтқан емес, керісінше мен «қызылдар» сапында ойнағаныма бақыттымын дейтін»- деді Моуриньо бапкер Sky Sports тілшілеріне. «Ақсүйектердің» бапкерінің айтуы  бойынша бұл оның басты өкініштерінің бірі. «Иә, бұл менің өмірімдегі үлкен өкініштерімнің бірі, осыған ұқсас тағы бір жағдай орын алған болатын.  Мен Лэмпардты «Интер» сапында көргім келген, онда да сәттілік жетіспеді» - деді  Моуриньо. Өткен жылдың соңында Джерард «Энфилдте» болған «Челсимен» арадағы кездесуде өрескел қателік жасап, «Ливерпуль» үшін чемпиондық атақ тағы арман боп қалды. Сол сәтте «Челси» фанаттары Джерардты келемеждеп, намысына тиетін сөздерді әндтіп айтқан болатын. Моуриньо бапкер бұған қатты наразы болғанын, клуб жанкүйерлерінің бұрыс іс-әрекетіне қынжылғанын жасырмады. "Маған жанкүйерердің бұл әрекеттері ұнамады. Иә, барлығымыз адамбыз және ондай жағдайдан ешкім сақтандырылмаған. Джерардтай ұлы тұлға осындай мазаққа лайықсыз еді " - деді. «Мен Джерардты «Челси» сапына шақырғанымда, ол саған:«Мен ешқашан «Ливерпульге»  гол соқпаймын » - деген  еді. Міне нағыз адалдық! Мен ол сөздерін ешқашан  ұмытпаймын » - деді, Моуриньо бапкер, таңданысын жасыра алмай. Джерард сөзінде тұрды, себебі ол Ағылшын клубтарының  толассыз ұсыныстарына қарамастан, мұхит асып АҚШ біріншілігінде ойайтынын мәлімдеді. Джерард «Ливерпуль» қақпасына ешқашан гол соқпайды...

 Ерқанат САҒАДИН

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×