Моуриньо жеңілді

03.04.2011, 21:07
Моуриньо жеңілді
Мадридтің «Реалы» Испан біріншілігінің отызыншы турында өз алаңында Хихонның «Спортингінен» 0:1 есебімен ұтылып қалды. Бұл португалиялық бапкер Жозе Моуриньоның өз алаңында ұтылмау сериясына «нүкте» қойды. Жозе жаттықтырылған командалар 9 жыл бойы өз алаңында ұтылмаған. Ақырғы рет Жозе Моуринью «Портуды» жаттықтырып жүрген кезде 2:3 есебімен «Бейра-Маруға» ұтылған болатын. Одан кейін «Челси», «Интер» командаларының тізгінін ұстаған Моуринью ұтылмаған болатын. 9 жыл бойы өз алаңында 151 матчта ұтылып көрмеген.

Абылай ҚАРИН

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×