Моуриньоның жазасы жеңілдетілді

30.07.2011, 18:47
Моуриньоның жазасы жеңілдетілді
Кеше Щвейцарияның Ньон қаласындағы УЕФА-ның штаб-пәтерінде мадридтік «Реалдың» жаттықтырушысы Жозе Моуриньоның аппеляциялық шағымы қаралды. Жаттықтырушыны жарыстарға қатысу құқығынан айыру мәселесі бойынша да екі жақ дәйектері қаралып, жазалау шаралары жеңілдетілді. Шығарылған шешім негізінде Ж. Моуриньо Чемпиондар Лигасының келесі үш кездесуіне қатысу құқығынан айырылды, ал екі матчқа шартты түрде қатыса алмайды, – деп УЕФА-ның ресми сайтында көрсетілген. Естеріңізде болса мамыр айында УЕФА-ның тәртіптік комитеті португалдық маманды төрт ойынға қатысу құқығынан айырған еді, оның біреуіне шартты түрде қатыса алмайтын болған. Сол кезде жаттықтырушы УЕФА мен төрешілерді «Барселонаға» Чемпиондар лигасының жартылай финалдық ойындарында  жасырын көмектесті деген айыптар таққан болатын.  Сонымен қатар жаттықтырушының қызметіне үш жылдық сынақ мерзімі мен өзіне 50 мың еуро көлемінде айыппұл төлеу жазалары күшінде қалдырылды. http://footballkz.kz/
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×