Мұртазаев пен Оганесян “Тобылдан” кетті

19.01.2021, 18:24
“Тобыл” екі ойыншысымен қоштасты.
Мұртазаев пен Оганесян “Тобылдан” кетті

Қостанайлық “Тобыл” клубы ресми сайтында клубтан Роман Мұртазаев пен Арман Оганесянның кеткенін хабарлады.

27 жасар қазақстандық шабуылшы мен қостанайлықтар арасындағы еңбек келісімшартының мерзімі аяқталып, Мұртазаев клубтан кетті. Роман “Тобылға” өткен қыста ауысып келген. Осы аралықта клуб сапында 17 ойынға қатысып, екі мәрте қақпа торын тулатқан. Роман “Тобылдан” бөлек “Астана”, “Ертіс” һәм “Шахтер” клубтарында доп тепкен.

Армения құрамасының қорғаушысы Арманның да келісімшарты соңына жетіп, “Тобыл” келісімді ұзартпауды шешті. Оганесян “сары-жасылдар” қатарына өткен маусымның басында қосылған еді. Сол уақыттан бері тек үш ойынға қатысқан. Арман бұдан бұрын “Пюник”, “Алашкерт”, “Ширак” және “Гандзасар” сынды т.б. клубтарда өнер көрсеткен.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×