«Қайрат» «Арсеналдың» бұрынғы шабуылшысын қатарға қоспақ

19.01.2021, 14:20
Шабуылшы еркін агент болып табылады.
«Қайрат» «Арсеналдың» бұрынғы шабуылшысын қатарға қоспақ

Лондондық "Арсеналдың" бұрынғы шабуылшысы Яя Саного мансабын Алматыдағы "Қайратта" жалғастырады, деп хабарлайды Republika.rs сайты.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, 27 жастағы француз шабуылшысы сербиялық "Партизанмен" байланыста болған, бірақ тараптар жалақы туралы келісімге келе алмаған. Атап айтқанда, футболшы клубтан маусымдық жалақысы бір миллион еуроны құрайтын келісімшарт сұраған, бірақ бұл "Партизан" үшін тым көп болды.

Саного "Қайратпен" бір жылдық келісімшарт жасасады, оны тағы бір жылға ұзарту мүмкіндігі бар.

Саного - "Осер" клубының тәрбиеленушісі. 2013 жылы ол "Арсеналға" ауысып, негізгі құрамнан өз орнын ала алмады. Футболшы "Кристал Пэлас", "Аякс" және "Чарльтон Атлетикке" жалға жіберілді. 2017 жылдан 2020 жылға дейін шабуылшы "Тулузада" доп тепті, Франция чемпионатында 63 ойын өткізіп, 12 гол соққан. Сонымен қатар Францияның жастар мен жасөспірімдер құрамасында ойнады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×