Мусса Дембеле мансабын Испанияда жалғастырады

12.01.2021, 01:35
Мадридтік клуб шабуылшыны жалға алмақшы.
Мусса Дембеле мансабын Испанияда жалғастырады

"Атлетико Мадридтің" бас бапкері Диего Симеоне "Лион" шабуылшысы Мусса Дембеленің жақын арада командаға ауысатынын растады.

"Келісім әлі жасалған жоқ, бірақ иә, біз Дембеленің агентімен келіссөздер жүргізіп жатырмыз", - деп келтірді италиялық журналист Фабрицио Романо Симеоненің сөздерін.

Француз шабуылшысы өткен айдың соңында командадан кеткен Диего Костаның орнын басады деп күтілуде. Мадридтік клуб Дембелені сатып алу құқығымен жалға алмақшы. Трансфер құны 33 миллион еуроны құрайды.

Дембеле "Лионның" намысын 2018 жылдан бері қорғап келеді, оған дейін "Селтик" пен "Фулхэмде" ойнаған. Осы маусымда ол Франция чемпионатының 16 матчына қатысып, 1 гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×