«Қайсар» екі легионермен қош айтысты

12.01.2021, 01:15
Қазір клубтың оқу-жаттығу жиынына тек жергілікті футболшылар қатысуда.
«Қайсар» екі легионермен қош айтысты

Кларенс Битанг пен Элвин Фортес қызылордалық "Қайсардан" кетті, деп хабарлайды KazFootball.kz.

28 жастағы камерундық жартылай қорғаушы Битанг "Кайсар" сапында 31 ойын өткізіп, екі нәтижелі пас берген. Ал 26 жастағы голландиялық жартылай қорғаушы Фортес 14 матч өткізіп, бір голдың авторы атанды.

Еске салайық, 2020 жылдың қараша айында чемпионат аяқталмай жатып Артур Режиналдо, Александр Колев, Элгуджа Лобжанидзе және Марк Гурман қызылордалық клубтан кеткен болатын. "Қайсар" Премьер-лиганың өткен маусымында жетінші орынға ие болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×