Мықтылар мықтылығын танытқан күн

19.10.2011, 16:27
Мықтылар мықтылығын танытқан күн

Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнап жатқан командалардың бірсыпырасы топтағы үшінші ойындарын өткізіп үлгерді. Бірден айтайық бұл күні ешқандай күтпеген нәтиже тіркелмеді. Мықты дегендер кезекті жеңісіне қол жеткізіп әлжуаздардан айласын асырып кетті.  Тек соңғы кездері қарсылас шыдатпай жүрген немістің  «Бавария» клубы Италия жерінде «Наполимен » ұпай бөлісті демесеңіз. Аталған ойында тағы бір қызық жайт тіркелді. Өз қақпасына 1200 минутқа жуық уақыт гол жібермеген Мануэл Нойердің «қиял-ғажап ертегісіне» нүкте қойылды. Ең қызығы сол неміс командасының қақпасына соғылған жалғыз голды Нойердің қарсыластары емес Германия және «Бавария» ұжымында бірге ойнайтын Бадштубер салған көрінеді. Өзге өткен ойындарда төмендегі нәтиже тіркелді: ЦСКА - "Трабзонспор" - 3:0 (1:0) Гол: Думбия 28', 86', Цауня 76' "Реал" - "Лион" - 4:0 (1:0) Гол: Бензема 19', Хедира 47', Льорис 55' (өз қақпасына), Рамос 81' "Наполи" - "Бавария" - 1:1 (1:1) Гол: Кроос 2', Бадштубер 39' (өз қақпасына) "Манчестер Сити" - "Вильярреал" - 2:1 (1:1) Гол: Кани 4', Марчена 43' (өз қақпасына), Агуэро 90+3' "Лилль" - "Интер" - 0:1 (0:1) Гол: Паццини 20' "Оцелул" - "Манчестер Юнайтед" - 0:2 (0:0) Гол: Руни 64' (пен), 90+2' (пен) "Динамо" З - "Аякс" - 0:2 (0:1) Гол: Бурригтер 49', Эриксен 90' "Базель" - "Бенфика" - 0:2 (0:1) Гол: Б. Сезар 20', Кардосо 75'
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×