“МЮ”, “МС”, “Арсенал”… Үздіктер ширек финалда

04.03.2011, 17:51
“МЮ”, “МС”, “Арсенал”… Үздіктер ширек финалда

Футболдан Англия кубогы үшін жарыстың ширек финалында күш сынасатын командалар түгенденді. Өз алаңында “Астон Вилланы” қабылдаған “Манчестер Сити” қонақтардың қақпасына жауапсыз үш доп соқты. “Сити оф Манчестер” стадионындағы алғашқы гол кездесудің 5-минутында тіркелді. Бұл ойын сәтінде Яя Туре көзге түссе, одан кейін стадион толы көрермен Марио Балотеллидің орындауындағы керемет голға куә болды. Үзіліске дейін қос доп жіберіп алған қонақтардың салы суға кетсе, алған бетінен қайтпаған алаң иелері матч соңында дейін таблодағы есепті 3:0 жеткізді. Бұл доптың авторы – Давид Сильва. Ширек финалда Роберто Манчинидің командасы осы күні “Эвертонды” қапы қалдырған “Редингпен” кездеседі. Сондай-ақ алдағы ширек финалдың бірінде футбо сүйер қауымды елең еткізер бәсеке күтіп тұр. Бұл ойында премьер лига грандтары “Арсенал” мен “Манчестер Юнайтедтің ” жолы түйіседі. КТК 1/8 ФИНАЛ ВЕСТ ХЭМ – БЕРНЛИ - 5:1 МАНЧЕСТЕР СИТИ – АСТОН ВИЛЛА - 3:0 СТОК СИТИ – БРАЙТОН - 3:0 БИРМИНГЕМ – ШЕФФИЛД УЭНСДЕЙ - 3:0 ЛЕЙТОН - АРСЕНАЛ - 1:1, 0:5 ЭВЕРТОН - РЕДИНГ - 0:1 МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕД – КРОУЛИ - 1:0 ФУЛХЭМ - БОЛТОН - 0:1

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×