«МЮ» үздік үштікке кіре ала ма?

5-ші орында тұрған «Манчестер Юнайтед» пен 3-ші орындағы «Лестердің» арасы 3-ақ ұпай
«МЮ» үздік үштікке кіре ала ма?

Маусымның бірінші жартысында "Манчестер Юнайтедтің" позициялық шабуылдары әлсіз болды. Бұл жағдайда: Сульшер «Челсиді» жеңді, «Ситимен» болған матчта жеңіске жетті, «Ливерпульден» ұпай алды, бірақ «Борнмут», «Ньюкасл» және «Кристал Пэлас» секілді командалардан ұтылды. Қарсылас оңай болған сайын, оған қарсы ойнау қиынырақ болып көрінді. Мұның қарапайым түсіндірмесі болды.


Сульшер керемет позициялық қорғаныс жасады, ал Марсьял мен Рэшфорд жұбы қарсы шабуылдарда қарсыластардың қорғанысын бұзуға мүмкіндік берді, бірақ шабуыл мен қорғаныс арасында байланыс болмады. Позициялық шабуылдарда «Манчестер Юнайтед» дәрменсіз ойнады: баяу және болжалды түрде допты қапталдан қапталға жылжытып, шабуылды айып алаңға пас асыру арқылы аяқтады. Сондықтан кестенің төменгі жартысындағы командалар "МЮ-ге" қарсы ойнау үшін тек бір жоспар құруы керек еді: олар допты және ашық аймақты әдейі берді, бұл өз кезегінде мәселе туғызуға жеткілікті болды.


Уақыт өте келе, «Манчестер Юнайтед» алғашқы төрттіктен артта қалып, көп сынға ұшырады, бірақ мәселе уақытша күйінде қалды. Клубқа Погба жетіспеді, ол өткен маусымда Сульшердің футболында позициялық шабуылдарда шығармашылықпен айналысқан жалғыз ойыншы болған еді. Оның ұзаққа созылған қалпына келуі көптеген әлсіз командалармен ойындарда жеңіліс әкелді, бірақ алаңда онымен бірге «Юнайтед» мүлдем басқаша. Моуриньо жұмыстан босатылғаннан кейінгі алғашқы айлардағы аралықты еске алып көрейік: Погбаның ойын формасы керемет еді, ал «Манчестер Юнайтед» кестенің төменгі жартысындағы командалардың барлығын дерлік жеңді. Егер сол матчтарда команда қарсы шабуылдарда жақсы ойнаған болса, онда қалған ойындарда Погба шабуылда басты рөлге ие болатын еді.

Жарақат алғаннан кейін Погбаның ұзақ уақыт бойы қалпына келуі және француздың келешегі қиын болғандықтан, клуб күтуден шаршады. Қорқынышты позициялық шабуыл өзгерісті талап етті, ал "Манчестер Юнайтед" команданы байланыстыра алатын басқа ойыншыға 55 миллион евро жұмсады. Ол португалиялық Бруно Фернандеш еді. Фернандеш "МЮ" тарихындағы үздік трансфер болып шықты.

Ол "МЮ-ге" ауыса салып, келесі матчта жасыл алаңға шықты. «Манчестер Юнайтед» «Вулверхэмптонды» өз алаңында жеңе алмады (0:0), бірақ Бруно Фернандеш Патрисиуды ұзақ қашықтықтан жасаған күшті соққылармен бірнеше рет қорқытты. Осыдан кейін ол "Манчестер Юнайтедтің" жейдесінде 11 матчта негізгі құрамда шығып, 10 нәтижелі әрекетпен көзге түсті. Бұл нәтижені жалғыз өзі жасауды білдіреді. Бірақ Фернандеш алаңда тек тиімді іс-әрекеттермен ғана пайда әкелмей, ол бірден "МЮ-дің" позициялық шабуылдарын жоғары деңгейге шығарды.

Маңызды көрсеткіш - бұл әр ойында беретін пастар саны. Бруноның әр матчтағы пас беру көрсеткіші 50-ден асады, Сульшер шабуылдаушы жартылай қорғаушы позициясына Мата, Перейра және Лингардты да қойып көрген болатын. Бірақ олар Бруно секілді ойнай алған жоқ. Біріншіден, ол «Юнайтедтің» баяу шабуылын тездетіп, стандартты емес әрекеттің көмегімен шабуылға болжамсыздықты қоса алады. Екіншіден, осындай маңызды ойыншының пайда болуымен команданың басқа позициясындағы ойыншылар да жанама пайда алды. Шабуылдың тағы бір нұсқасы - бұл қорғаныс тығыздығы, бұл қалғандары үшін көбірек еркіндік береді.

«Вулверхэмптонмен» өткен ойынға дейін, Сульшер ойыншылары Премьер-лиганың 24 матчында 36 гол соқты: әр кездесуде шамамен 1,5 гол. Фернандеш келгеннен кейін - жеті матчта 15 гол (әр матчта шамамен 2,1).

Жоғары сападағы қарсы шабуыл құрылымын сақтай отырып, «Манчестер Юнайтед» АПЛ-дің аутсайдерлерімен болатын матчтарда да жеңіске жете бастады. Ал «Тоттенхэм» мен «Юнайтедке» чемпионаттағы кідірістер көп пайдасын тигізді. Рэшфорд пен Погба қалпына келіп үлгерді.

Маркус Рэшфорд шабуылдың сол жақ шетінде өзінің әдеттегі орнына ие болды, ал Погбаны құрамға енгізу сәл қиынырақ болды. Себебі, Погба жарақат алған кезде, командада оның орнын жоқтатпайтын орта деңгейдегі көшбасшы пайда болған еді.

Погба мен Фернандештің үйлесімділігі маусымның аяғында «Манчестер Юнайтедтің» басты қаруының бірі болмақ. Соңғы уақытта «Манчестер Юнайтед» Фернандешке мүмкіндігінше сәйкес келетін 4-2-3-1 схемасы бойынша ойнап жүр. Ол орталық алаңда еркін жүре алады, ал оны екі қорғаушы сақтандырып отырады. Фред шабуылға көп пайдасын тигізеді, бірақ, әрине, Погба секілді емес. Бірақ бразилиялықтың қарсы шабуылда төндіретін қаупі аз, өйткені ол тек позициялық шабуылдарға араласады.

Бруно мен Погбаны біріктірудің бір нұсқасы 4-3-3-ке бір айқын тіреуіш жартылай қорғаушымен көшу болды, бірақ Сульшер Бруноға өзіне ыңғайлы «ондықта» ойнауды тапсырды. Соңғы матчтарда Сульшер Погбаны тіреуіш жартылай қорғаушы ретінде шығады. Әрине, Поль онда Фред сияқты ойнай алмады.

Фред матчты бақылауда ұстай алатын ойыншы. Ол аз тәуекелге барады. Ал Погба үнемі допты шабуылдаушы үшінші жаққа бағыттап отырады және күрделі пастар жасайды. Себебі ол допты сақтау үшін емес, шығармашылық үшін жауап береді. "Брайтонмен" ойнаған бір сағат ішінде Погба екі қауіпті пас, ал "Шеффилдпен" болған матчта төрт қауіпті бас беріп үлгерді. Шабуыл кезінде Погба Фернандешпен тең дәрежеде және еркін ойнайды. Бұл әсіресе "Шеффилдпен" матчта айқын көрінді: сол жақтағы Погба бүкіл алаңда ойнады.

Погбаның "Шеффилдпен" болған матчтағы ойнаған позициялары


Соңғы матчтардағы күтпеген шешім - Матичтің негізгі құрамнан шығуы болды. Сульшер Мактоминейдің негізгі құрам ойыншы екендігіне бізді сендірген болатын. Сонымен қатар, Скотт үлкен жұмыс қабілетіне ие және ол Погбаның ойнайтын аймағын сақтандыра алады. Сульшер орталық алаңға серіктестерімен бірлесіп ойнаудың сәтті тәжірибесі бар айқын тіреуіш жартылай қорғаушыны таңдады. Ал Матич дәл осы қасиетке ие ("Челсиде" Фабрегаспен ойнаған). Ол Скоттқа қарағанда баяу, бірақ ол ойынды жақсы оқиды және әрқашан дұрыс позициядан табыла алады. Бірақ Мактоминей болашақта бұл позиция үшін басты үміткер болып қала береді.

Бірақ ең басты тосын сый - Погбаның оралуы. Шын мәнінде, "Брайтон" және "Шеффилдпен" болған матчтарда оны сақтандырудың қажеті болмады. Себебі ол шабуылда еркін рөл атқара отырып, ал қорғаныс кезінде тіреуіш жартылай қорғаушының позициясын да жауып үлгерді.

Сульшер сонымен қатар Погбаның оралуына керекті уақытты қамтамасыз етті. Команда жоғары қысым жасамады, ал Люк Шлу позициялық шабуылдарға қосылады: соңғы екі турда Сульшер Ван-Биссакаға шабуылға көп шығуға мүмкіндік берді. Осы екі матчта Погба қарсыластарына қарсы бес рет тәртіп бұзды - командадағы ең көп нәтиже.


Погба маусым соңына дейін бұлай ойнай алмайды. Оның ағымдағы ойыны уақытша болуы мүмкін. Жақында Сульшерге тағы бір нәрсе ойластыруға тура келеді. Бірақ дәл қазір бұл тактика жұмыс істеп тұр. Аутсайдерлермен болған матчтарда Погба қос ауыртпалықты жеңе білді, шабуылда шабуылдаушы жартылай қорғаушының, ал қорғаныста тіреуіш жартылай қорғаушының позициясында ойнай алды. Ал топ-клубтармен болатын матчтарда бұл қажет емес шығар.

Осындай керемет тактиканы ұстанған Сульшердің үздік үштікке енуге мүмкіндігі өте зор. "МЮ" керемет ойнап жатыр, ал "Лестер" болса үлкен үзілістен кейін өз ойынын жоғалтып алды. "Қызыл сойқандардың" үздік үштіктен алшақтығы 3-ақ ұпай. Ал, сіз қалай ойлайсыз, "Қызыл сойқандар" үздік үштікке кіре ала ма? Пікір қалдырыңыз!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×