Нагельсманн келесі маусымнан бастап «Баварияны» жаттықтырады

27.04.2021, 17:53
«РБ Лейпциг» бас бапкерін тегін жібергісі келмей отыр.
Нагельсманн келесі маусымнан бастап «Баварияны» жаттықтырады

"РБ Лейпцигтің" бас бапкері Юлиан Нагельсманн келесі маусымнан бастап "Бавария" клубын жаттықтырмақ, деп хабарлайды журналист Фабрицио Романо.

Дереккөздің хабарлауынша, мюнхендік клуб Нагельсманнмен бір мәмілеге келіп үлгерген. Жаңа келісім-шарт бес жылға жасалады. Қазіргі уақытта клуб "РБ Лейпцигпен" келіссөздер жүргізіп жатыр. Юлианның "бұқалармен" келісім-шарты 2023 жылдың жазына дейін жасалған.

"Тоттенхэмнің" ұсынысынан бас тартқан Нагельсманнның негізгі мақсаты - "Баварияда" жұмыс істеу. Ал "РБ Лейпциг" бас бапкердің келісім-шартын сату арқылы 30 миллион еуро көлемінде пайда табуды көздеп отыр. Еске салайық, мюнхендік клубтың қазіргі бас бапкері Ханс-Дитер Флик маусым соңында командадан кетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×