«Бавария» жаңа бас бапкер тағайындады

27.04.2021, 20:17
Бұл жайлы клубтың ресми сайты хабарлады.
«Бавария» жаңа бас бапкер тағайындады

"Бавария" "РБ Лейпцигтің" жаттықтырушысы Юлиан Нагельсманның 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап мюнхендік клубтың бас бапкері болатынын жариялады.

"Баварияның" жаңа бас бапкері 33 жастағы Юлиан Нагельсманн болады. Ол Баварияда дүниеге келген және 2021 жылдың 1 шілдесінде "РБ Лейпцигтен" мюнхендік клубқа ауысады. "Бавариямен" жаңа келісім-шарт 2026 жылдың 30 маусымына дейін жасалады", - деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.

Нагельсманның "бұқалармен" келісім-шарты 2023 жылдың жазына дейін есептелген. Нагельсманн "РБ Лейпцигті" 2019 жылы қабылдады және оған дейін "Хоффенхаймды" жаттықтырған. Маусымның аяқталуына үш тур қалғанда, 64 ұпайы бар "РБ Лейпциг" Бундеслиганың турнирлік кестесінде екінші орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×