«Наполи» клубының стадионына Марадонаның есімі берілді

26.11.2020, 16:23
Диего Италиялық клуб сапында 7 жыл ойнады.
«Наполи» клубының стадионына Марадонаның есімі берілді

Италиялық "Наполидің" клубының стадионы команданың аңызы, аргентиналық Диего Марадонаның құрметіне өзгертіледі. Мұны Неаполь мэрі Луиджи де Маджистрис растады.

11 қарашада Марадона ауруханадан шығарылды. Бұрынғы футболшыға субдуральды гематома операциясы жасалды. Шығарылғаннан кейін Марадонаның клиникаға алкогольдік тәуелділіктен емделу үшін жеткізілгені хабарланды. Кейінірек ол Буэнос-Айрестен бір сағаттық жолда, Ла-Платадағы "Ипенса" клиникасына жеткізілген екен.

Еске салайық, Марадона "Наполи" сапында 1984-1991 жылдар аралығында өнер көрсетті. Жалпы 188 ойынға қатысып 81 гол соқты. Командамен бірге екі дүркін Италия чемпионы атанды, одан бөлек, Италия кубогы, Италия суперкубогы және УЕФА кубогының иегері атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×