Жылдың үздік бапкері атағына үміткерлердің тізімі жарияланды

26.11.2020, 17:03
Бұл тізімде командасын АПЛ-ге шығарған бапкер де бар.
Жылдың үздік бапкері атағына үміткерлердің тізімі жарияланды

ФИФА өзінің ресми сайтында жылдың үздік жаттықтырушысы атағына ұсынылған мамандардың тізімін жариялады.

Үміткерлер: Марсело Бьелса ("Лидс Юнайтед"), Ханс-Дитер Флик ("Бавария"), Юрген Клопп ("Ливерпуль"), Хулен Лопетеги ("Севилья"), Зинедин Зидан ("Реал Мадрид").

Өткен маусымда Бьелса 16 жылдан кейін "Лидсті" Англия Премьер-лигасына шығарды, Флик "Бавариямен" требл жеңіп алды, Клопп "Ливерпульді" соңғы 30 жылда алғаш рет Англия чемпионы етіп шығарды, Лопетеги "Севильямен" Еуропа Лигасын жеңіп алды, ал Зидан Мадридтің "Реалымен" Испания чемпионы атанды.

ФИФА The Best-2020 салтанатты жиынын 17 желтоқсанда өткізбекші және онлайн режимде өтеді. Үздік бапкерлерге дауыс беру 25 қарашада басталып, 9 желтоқсанда аяқталады.

Мына сілтемеге кіру арқылы дауы бере аласыздар!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×