Диего Марадонаның көз жұмар алдында айтқан соңғы сөзі белгілі болды

26.11.2020, 17:20
Футболшының баласы да жансақтау бөліміне түсті.
Диего Марадонаның көз жұмар алдында айтқан соңғы сөзі белгілі болды

Бұрыңғы аңыз футболшы және Аргентина құрамасының бапкері Диего Марадонаның көз жұмар алдында не айтқаны белгілі болды. Todo noticias телеарнасының ақпаратынша, футболшы көз жұмар алдында жағдайының нашарлағанын айтқан. 

Марадона үйінде жиені Джонни Эспоситомен, психолог және мейіргермен бірге болған. "Жағдайым нашарлап тұр", - таңғы астан кейін осы сөзді ғана айтып, ол өз бөлмесіне демалуға кеткен екен.

Кейін үйдегі медицина қызметкері жедел жәрдем шақырған, алайда, дәрігерлер келгенде Марадонаның тынысы үзілген екен. Оған жансақтау амалдарын жасағанымен, дәрігерлер қолынан ештеңе келмеген. 

Ал Марадонаның ұлы Диего Синагра жансақтау бөліміне түскен. 34 жастағы Синаграның коронавирус салдарынан денсаулығы нашарлаған. Ал әкесінің дүниеден озғаны жайлы ол өзінен пікір алмақ болған баспасөз қызметкерінен естіген. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×