Алматылық "Қайраттың" черногориялық жартылай қорғаушысы Небойша Косович Конференция лигасының топтық кезеңіндегі қарсыластары туралы пікірімен бөлісті.
Айта кетейік, "Қайрат" турнирдің топтық кезеңінде әзірбайжандық "Карабах", швейцариялық "Базель" және кипрлік "Омониямен" ойнайды.
"Менің ойымша, бұл қиын топ, өйткені барлық командалар мықты. Әр клубтың келесі кезеңге өтуге мүмкіндігі бар. "Қарабах" - керемет команда, ол үнемі чемпионатта жоғары орындарды иеленеді, Еуропада сәтті ойнайды. Топтық кезеңнен шығатын керемет мүмкіндігі бар.
Марко Вешовичке қарсы ойнау қызық болайын деп тұр (күледі). Мен онымен үнемі байланыстамын. Жақында біз Черногория құрамасында кездесіп, сөйлесетін боламыз.
"Қайраттың" да мүмкіндігі бар, оны тек алаңда көрсету керек. Қиын болады. Топтың фавориті - "Базель", - деді Косович.
Біздің серіктес: FONBET