«Реал Мадрид» Мбаппені сатып алу үшін тағы бір ұсыныс жасамақ

30.08.2021, 16:58
Бұл мадридтік клубтың соңғы ұсынысы болмақ.
«Реал Мадрид» Мбаппені сатып алу үшін тағы бір ұсыныс жасамақ

"Реал Мадрид" жақын арада 22 жастағы Килиан Мбаппені сатып алу үшін ПСЖ-ға тағы бір ұсыныс жасайтын болады. Бұл туралы италиялық журналист Николо Скира мәлімдеді.

Дереккөздің хабарлауынша, корольдік клуб қазір жаңа ұсыныс дайындап жатыр, ал ПСЖ Мбаппені сату арқылы кем дегенде 215 миллион еуро табуды жоспарлап отыр. Өз кезегінде "Реал Мадрид" ойыншымен жеке келісім-шарт талаптары бойынша нақты бір мәмілеге келіп қойған. Футболшы жылдық жалақысы 35 миллион еуроны құрайтын алты жылдық келісім-шартқа қол қояды.

Естеріңізге сала кетейік, кеше, 29 тамызда Килиан Мбаппе Франция чемпионатының 4-турында "Реймспен" болған кездесуде дубль жасаған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×