«Манчестер Юнайтед» АПЛ рекордын орнатты

30.08.2021, 15:47
Олар күні кеше лондондық «Арсеналдың» рекордын жаңартты.
«Манчестер Юнайтед» АПЛ рекордын орнатты

Кеше, 29 тамызда Англия Премьер-лигасының үшінші туры аясында «Вулверхэмптон» өз алаңында «Манчестер Юнайтедті» қабылдады. «Қызыл сойқандар» 80-минутта Мэйсон Гринвудтың соққан голының арқасында 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, «Манчестер Юнайтед» АПЛ тарихындағы ең ұзақ уақыт бойы жеңілмеген команда атанды. «Қызыл сойқандар» сырт алаңда өткізген соңғы 28 матч бойы жеңілістің дәмін татпады. Бұл ойындарда Оле-Гуннар Сульшердің шәкірттері 18 мәрте жеңіске жетіп, 10 рет тең түскен.

Алдыңғы рекорд сырт алаңда 27 матч бойы жеңілмеген лондондық «Арсеналға» тиесілі еді. Олар бұл рекордты 2003-2004 жылдары орнатқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×