«Боруссия Дортмунд» Эрлинг Холандты ПСЖ-ға сатпайтынын мәлімдеді

30.08.2021, 02:07
Трансферлік терезенің жабылуына үш күн ғана қалды.
«Боруссия Дортмунд» Эрлинг Холандты ПСЖ-ға сатпайтынын мәлімдеді

Дортмундтық "Боруссияның" шабуылшысы Эрлинг Холанд жазғы трансферлік терезеде ПСЖ-ға ауыспайды.

Бұған дейін париждік клуб Килиан Мбаппе "Реалға" кетсе, трансферлік терезе жабылғанға дейін норвегиялық шабуылшыны алуға тырысатыны туралы хабарланған болатын, бірақ дортмундтық клубтың спорттық директоры Михаэль Цорк бұл мүмкіндікті жоққа шығарды:

"Біз банк емес, футбол клубымыз. Біздің ұстанымымыз өте айқын және өзгерген жоқ", - деп келтіреді журналист Фабрицио Романо Цорктің сөздерін.

Айта кетейік, "Реал Мадрид" ПСЖ-ға Мбаппе үшін 180 миллион еуро ұсынған еді. Ал париждік клуб бұл ұсынысты елемеді. Ал Килиан командалық жаттығуға қатысып, "Реймспен" болатын матчқа шақырту алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×