Неймар – 2020 жылы GOOGLE-да ең көп ізделген футболшы

06.01.2021, 00:10
Неймар – 2020 жылы GOOGLE-да ең көп ізделген футболшы

SEMrush порталы 2020 жылы Google-да ең көп ізделген ойыншыларды атады.

Google-да ең көп ізделген футболшы Бразилия құрамасы мен “Пари Сен-Жермен” клубының шабуылшысы Неймар атанды. 2020 жылы Неймарды орта есеппен айына 482 636 мәрте іздеген. Екінші сатыда Португалия құрамасы мен туриндік “Ювентустың” шабуылшысы Криштиану Роналду. Google-ға Роналдудың есімі орта есеппен айына 325 909 мәрте жазылыпты. Неймардың командаласы Килиан Мбаппені айына 147 955 рет іздеген, ал каталондық “Барселонаның” шабуылшысы Лионель Месси 118 545 мәрте ізделіп, тоғызыншы орынға жайғасқан.

Неймар 2019 жылы да орта есеппен айына 1 297 545 рет ізделіп, ең көп ізделген футболшы атанған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×