Неймар «Барсаны» таңдады

21.03.2012, 22:48
Неймар «Барсаны» таңдады
«Барселона» бразилиялық жас ойыншы Неймарды сатып алады. Каталондықтар «Сантоспен» келісімсөз жүргізіп трансферлік соманың бір бөлігін аударып үлгеріпті. Дәлірек айтқанда «Барселона» бразилиялық ойыншы үшін 14,5 миллион еуро төлеген екен. Бұл деректі Cadena SER радиостансасы таратты. Латын америкасының жұлдызы блаугрананың сапына 2014 жылы өтетін әлем біріншілігінен кейін қосылады. Неймардың бүгінгі күндегі нақты бағасы – 58 миллион доллар. Бір қызығы, Мадридтік «Реал» да Неймарға «құда түспекші» болған. Болашақ клубын таңдау жөнінде әкесімен кеңескен Неймардың қалауы «Барсаға» ауыпты. Олжас НҰРАЗХАН аламан
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×