«ПСЖ» шабуылшысы Неймар Перуға қарсы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчында хет-трик жасап, Бразилия құрамасының үздік сұрмергендер тізімінде екінші орынға шықты.
Бразилия сырт алаңда Перуды 4:2 есебімен жеңді. 28 жастағы Неймар осы кездесуде хет-трик жасап, ұлттық құрамадағы 64-ші голын соқты, осылайша ол Роналдодан екі голға озып кетті. Бразилия тарихындағы ең үздік сұрмерген - 77 гол соққан Пеле.
Ойыннан кейін Неймар өзінің жетістігі туралы пікір білдірді. «Сізге деген құрметпен, сиқыршы» деп жазды Неймар Роналдоның әлеуметтік желідегі суретінің астына.
Біздің серіктес: FONBET