«Ювентус» клубының акциясы бір күнде жеті пайызға төмендеп кетті

14.10.2020, 22:20
Роналду тек жеңіске жетуге ғана емес, сонымен қатар мол қаржы табуға да көмектесетін ойыншы.
«Ювентус» клубының акциясы бір күнде жеті пайызға төмендеп кетті

Шабуылшы Криштиану Роналду өнер көрсететін «Ювентус» клубының акцияларына футболшының коронавирус жұқтырғаны жағымсыз әсер етті.

Милан қаласындағы қор биржасында Роналдудың вирус жұқтырғаны туралы ақпарат пайда болғаннан кейін Туриндік клубтың акциялары шамамен жеті пайызға төмендеді. Алайда, содан кейін бағалы қағаздардың құны көтеріліп, акциялар алдыңғы күнмен салыстырғанда екі жарым пайызға төмендеді.

Португалия футбол федерациясы 13 қазан күні ұлттық құрама капитаны Криштиану Роналдудың коронавирус індетін жұқтырғаны туралы хабарлады. Роналдуда ауру белгілері жоқ, бірақ ол команданың басқа ойыншыларынан оқшауланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×