Неймар - Бразилия құрамасы үшін ең көп гол соққан екінші ойыншы

14.10.2020, 18:53
Жақын арада Пеленің де рекордын бұзуы мүмкін.
Неймар - Бразилия құрамасы үшін ең көп гол соққан екінші ойыншы

«ПСЖ» шабуылшысы Неймар Перуға қарсы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчында хет-трик жасап, Бразилия құрамасының үздік сұрмергендер тізімінде екінші орынға шықты.

Бразилия сырт алаңда Перуды 4:2 есебімен жеңді. 28 жастағы Неймар осы кездесуде хет-трик жасап, ұлттық құрамадағы 64-ші голын соқты, осылайша ол Роналдодан екі голға озып кетті. Бразилия тарихындағы ең үздік сұрмерген - 77 гол соққан Пеле.

Ойыннан кейін Неймар өзінің жетістігі туралы пікір білдірді. «Сізге деген құрметпен, сиқыршы» деп жазды Неймар Роналдоның әлеуметтік желідегі суретінің астына.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×