«Қайрат» коронавирус жұқтырған ойыншылары туралы хабарлады

14.10.2020, 23:09
Нұралы Әліп «Қайраттың» алдағы матчтарына қатыспауы мүмкін.
«Қайрат» коронавирус жұқтырған ойыншылары туралы хабарлады

«Қайрат» футбол клубы коронавирус жұқтырған Нұрәлі Әліп пен Сұлтанбек Астановтың хал-жағдайы туралы хабарлады.

"Нұралы Әліп пен Сұлтанбек Астанов ұлттық құрама сапында жүрген кезде тапсырған COVID-19 тестінде оң нәтиже көрсетті. Қазір футболшылар ұлттық құрамадан оқшауланды. Футболшылардың денсаулығы жақсы, дәрігерлердің қарауында", - делінген хабарламада.

Осылайша, Нұралы Әліп Қазақстанның Албания мен Беларусь құрамасына қарсы матчтарына қатыса алмады. Екі футболшы да 14 күнге оқшауланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×