Неймар ПСЖ-да қалу туралы шешім қабылдады

01.02.2021, 04:51
Жаңа келісімшарт ұзақ мерзімге жасалмақ.
Неймар ПСЖ-да қалу туралы шешім қабылдады

"Пари Сен-Жерменнің" шабуылшысы Неймар клубпен келісімшартын ұзартуға келісті. Тараптар алдағы бірнеше апта ішінде жаңа келісімге қол қояды, деп хабарлады беделді журналист Николо Скира.

Неймардың ПСЖ-мен қазіргі келісімі 2022 жылға дейін жасалған. Бразилиялық шабуылшы париждік клубтан кетуге ұмтылмайды, сондықтан тараптар арасындағы жаңа келісім ұзақ мерзімді болады.

2020/2021 жылғы маусымда Неймар ПСЖ сапында 9 матч өткізіп, 5 гол соқты, 3 нәтижелі пас берді. Қазіргі уақытта париждік клуб Франция чемпионатында екінші орында тұр. Маусым барысында "Пари Сен-Жермен" бас бапкерін ауыстырған болатын, Томас Тухель қызметінен босатылды, ал оның орнына Маурисио Почеттино келді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×