«Қызыл-Жар» алғашқы трансферін жасады

01.02.2021, 16:29
Карпович бұл ойыншының мүмкіндіктерін жақсы біледі.
«Қызыл-Жар» алғашқы трансферін жасады

Петропавлдық "Қызыл-Жар" Черногорияның 27 жастағы жартылай қорғаушысы Дарко Зоричпен келісімшартқа отырғанын жариялады.

Дарко Зорич өзінің мансабын 2010 жылы черногориялық "Сутьескада" бастаған. 2017-2018 жылғы маусымда ол Сербияның "Чукарички" командасында ойнады, онда 44 матч өткізді. Сондай-ақ "Челик", АЕК және сербиялық "Борац" клубтарында доп тепті.

Соңғы екі маусым бойы "Оқжетпесте" өнер көрсетті. Көкшетаулық команда үшін Зорич 41 кездесу өткізіп, 6 гол соғып, 11 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×