ПСЖ шабуылшысы Неймар жаттығуға оралды. Тамыз айының соңында бразилиялық бірнеше командаластарымен бірге коронавирус жұқтырған болатын, сол себепті ол соңғы екі аптаны жіберіп алды.
«Мен жаттығуға қайта оралдым, бұл үшін қуаныштымын», - деп жазды Неймар.
Бұған дейін Неймар Nike компаниясын жарнамалаған еді. Бразилиялық ойыншы алдағы уақытта Puma компаниясымен келісімшартқа отырмақ. Сондай-ақ бұл мәміленің қаржылық аспектісі құпия сақталады.
Франция чемпионатының өткен маусымында Неймар ПСЖ сапында 15 матч өткізіп, 13 гол соқты.
Біздің серіктес: FONBET