Нельсон Семеду: «Ант етейін, Месси жаттығуда мүлдем айып соққысын орындамайды»

03.03.2021, 17:28
Месси «Барселона» сапында 48 голын дәл осы айып добынан салған.
Нельсон Семеду: «Ант етейін, Месси жаттығуда мүлдем айып соққысын орындамайды»

Бұрын "Барселонада" ойнаған "Вулверхэмптоннің" қорғаушысы Нельсон Семеду каталондық клубтың шабуылшысы Лионель Месси туралы естеліктерімен бөлісті.

"Мәссаған. Менде оның қаншалықты жақсы екенін сипаттайтын сөздер жоқ. Оның одан әрі мақтан тұтатын ойыншыға айнала беретінін білесіз бе? "Барселонада" мен оның жаттығулар кезінде айып соққысын орындағанын көрген емеспін. Ант етейін, ол жаттығуда қатты дайындалмайтын.

Біз әрдайым алыс қашықтықтан соққы жасау үшін дайындалдық, бірақ Месси ешқашан олай жасаған емес. Бұл оның бойында бар қасиет. Еңбек әрқашан жетістікке жетуге себепкер болады. Бірақ ол жұмыс істемей-ақ керемет нәтижеге қол жеткізді.

Ол керемет ойыншы, оны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Ол "Ливерпуль" қақпасына айып соққысы арқылы гол салған кезде мен оның дәл артында тұрдым. Менің "Барселонадағы" алғашқы кездесулерімнің бірінде ол допты алып, үш, төрт, бес ойыншыдан өтті. Мен "бұл жігіт мұны қалай істейді?" деп ойладым. Ол жақсы ойыншылардың өзін жаман етіп көрсетеді", - деді Семеду.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×