«Қайсар» екі ойыншымен толықты

03.03.2021, 13:58
Леонов кеше пенальти тосып, командасына жеңіс сыйлаған еді.
«Қайсар» екі ойыншымен толықты

Қызылордалық "Қайсар" жиын соңында қақпашы Артем Леоновпен келісімге келді. Енді жаңа маусымда қақпашылар арасындағы бәсекелестік артатын болады.

26 жастағы ресейлік қақпашы өткен маусымда белоруссиялық "Минск" командасының негізгі қақпашысы болған. Одан бөлек "Краснодар 2", "Мордовия", "Уфа", "Крылья Советов", "Ска Хабаровск" секілді командалардың намысын қорғаған. Айта кетейік, Артем күні кеше "Тюменьмен" өткен кездесуде 11 метрлік айып добын қайтарып, қақпасына гол жібермеді.

"Қайсар" Қазақстан құрамасына кандидат ойыншы Бекзат Шадмановпен толықты.

Бекзат 2017 жылдан бері "Тараз" сапында өнер көрсетіп келді. 23 жастағы қорғаушы Қазақстан жастар құрамасына үздіксіз шақыртылса, 2019 жылы Ұлттық құрама сапында дебюттік ойынын өткізген. Өткен маусымда Бекзат "Тараз" сапында 12 мәрте негізгі құрамнан табылып, клубтың жеңісіне үлес қосқан.  

"ҚАЙСАР" ФК баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×