«Тұран» клубтың эмблемасын жаңартты

03.03.2021, 03:49
«Тұран» алғашқы турда «Астана» командасымен кездеседі.
«Тұран» клубтың эмблемасын жаңартты

Түркістандық "Тұран" жанкүйерлерге клубтың жаңа эмблемасын таныстырды.

Логотиптің жоғарғы жағында клубтың атауы орналасқан. Оның астында Түркістан қаласы мен дәстүрлі қазақ ою-өрнегі бар. Ортасында Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің суреті орналасқан. Жаңа эмблема сары және көк түстермен безендірілген.

Айта кетейік, "Тұран" клубы биыл Премьер-дигада дебют жасайды. 13 наурыз күні өз алаңында "Астана" клубын қабылдамақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×