Неміс Бундеслигасы. Маусым қорытындысы

11.05.2014, 04:38
Неміс Бундеслигасы. Маусым қорытындысы
Тоғыз айға созылған неміс елінің чемпионаты өз мәресіне келіп жеткен жайы бар. Бұл маусым өте қызықты өтті десек жаңылыспазпыз. Әрине, "Бавария" алтынның интригасын толықтай өлтіргенмен де, басқа интриганы өлтіре алмайды. Чемпиондар Лигасына жолдама алу үшін талас бар, Еуропа Лигасы үшін, екінші дивизионға ұшып кету қаупі бар командалардың таласының қызығы мен шыжығы бір бөлек.  Сөзсіз чемпион "Бавария" соңғы турда өз алаңында "Штутгартты" қабылдаған болатын. 2008-ші жылы Бундеслигада алтыннан алқа таққан "Штутгарттың" бүгінгі жайы мүшкіл. Әупірімдеп жүріп, екінші дивизионға сырғуынан аман қалды. Бір кездері Еуропада Германияның намысын абыроймен қорғап жүрген бұл клуб, жазда мықты ойыншыларды шақырмаса, толыққанды ортаң қол командаға мәңгілікке айналып кетуі мүмкін. Ал, "Бавария" жайлы әңгіме бір бөлек. Кезіккенің бәрін жермен тегістеп жүрген мюхендіктеріміз, маусым соңына қарай ақсаңдады. Егер, чемпионаттағы жеңілістерді мотивацияның жоқтығына сілтесе, "Реалмен" болған ойындағы масқараны түсіндіру қиын. Сілтейін де факт жоқ. Ашық шайқаста жеңілді. Соңғы жылдары "Бавария" Бундеслиганы өлтірді деген әңгіме-пікірлер өрбіп жүр. Келіспеске болмайды. Қай команда бас көтере бастаса, соны бірден аш қасқырша талайды. Мүмкін осы маусымда "Баварияның" түбіне жеткен, өзі өлтірген Бундеслига шығар. Неге? Себебі, осы маусымда ешбір командадан қарсылық көрген жоқ. Толықтай босаңсыды. Ал, жауапты сәтте көптен бері ұмытқан қарсылыққа тап болды да, оған қарсы қару таба алмады. Бар мәселе осында болу керек. Ендігі қадам, осы соққыдан нәтиже шығарса болғаны. "Бавария"-чемпион. Бірақ, Гвардиола шәкірртері үшін маусым аяқтала қойған жоқ. Алда, дортмундтықтарға қарсы Герман кубогінің финалы бар.

10 мамыр. Мюнхен. Стадион "Альянц Арена". Төреші - Бастиан Данкерт (Росток).

БАВАРИЯ - ШТУТГАРТ - 1:0 (0:0)
 Писарро, 90+2 (1:0).
Бавария Штутгарт
 Мануэль Нойер  Свен Ульрайх
 Давид Алаба  Артур Бока, 45
 Бонфим Данте  Георг Нидермайер
 Даниэль Ван Бюйтен  Антонио Рюдигер
 Марсио Рафинья  Готоку Сакаи
 Хави Мартинес  Кристиан Гентнер
 Арьен Роббен  Карлос Груэсо
 Бастиан Швайнштайгер, 37  Константин Рауш
 Тони Кроос  Александру Максим, 78
 Томас Мюллер  Ибрагима Траоре
 Марио Манджукич, 64  Ведад Ибишевич, 65
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Пьер-Эмиль Хойбьерг, 37  Даниэль Дидави, 45
 Клаудио Писарро, 64  Какау, 65
   Тимо Вернер, 78

Ескертулер:

 Тони Кроос, 22  Артур Бока, 21
 Бонфим Данте, 68  Даниэль Дидави, 75

 

Ал, дортмундтықтар екінші жыл қатарынан күміске қанағат етті. Ендігі жылы бұл күміске қол жеткізудің өзі қиынның қиыны болмақ. Команданың үздік сұрмергені. бәлкім үздік ойыншысы(Марко Ройсты да ескерген жөн) Роберт Левандовски "Баварияға" кетеді. Естеріңізде болса, бұл жәйт қыста белгілі болған еді. Шындығына келгенде, Робертқа "Боруссияның" алғыстан басқа айтары жоқ шығар. Болашағы бұл командамен байланысты емес екенін білсе де, маусымның екінші жартысында әр ойында командасы үшін жан аяған жоқ. Бүгінгі матч та соған кепіл. Еншісіне дубль жазды. Бірақ, Роберттың "Боруссия" сапындағы соңғы матчы емес. Бір аптадан соң, дәл осы алаңда болашақ командасына қарсы ойнамақ. Жоғары да айтылғандай Герман Кубогінің финалы.

10 мамыр. Берлин. Стадион "Олимпштадион". Төреші- Тобиас Штилер (Оберхаузен).

ГЕРТА - БОРУССИЯ Д - 0:4 (0:2)
 Левандовски, 41 (0:1). Йойич, 44 (0:2). Левандовски, 80 (0:3). Мхитарян, 82 (0:4).
Герта Боруссия Д
 Томас Крафт  Роман Вайденфеллер
 Петер Пекарик  Марсель Шмельцер
 Джон Энтони Брукс  Матс Хуммельс, 56
 Себастьян Лангкамп, 58  Мануэль Фридрих
 Марсель Ндьенг  Лукаш Пищек
 Пер Шельбред, 34  Нури Шахин, 46
 Леван Кобиашвили, 64  Милош Йойич
 Хадзимэ Хосогай  Кевин Гросскройтц
 Нико Шульц  Марко Ройс, 70
 Хани Мухтар  Генрих Мхитарян
 Сандро Вагнер  Роберт Левандовски
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Йоханнес ван ден Берг, 34  Оливер Кирх, 46
 Петер Нимайер, 58  Сократис Папастатопулос, 56
 Адриан Рамос, 64  Пьер-Эмерик Обамеянг, 70

Ескертулер:

 Нико Шульц, 69  
 Сандро Вагнер, 85  

 

Германиядан Чемпиондар Лигасына төрт команда, Еуропа Лигасына үш команда қатысады. "Бавария" мен "Боруссия Д" секілді "Шальке" де топтық турнирде өз ойынын бастаса, "Байер" іріктеу кезеңінен өз жолын бастайды. Еуропа Лигасында "Вольфсбург", "Боруссия М", "Майнц" өнер көрсетпек. Ал, "Нюрнберг" пен  "Айнтрахт Б" келесі маусымда төменгі дивизонда ойнамақ. Маусымның тосын сыйы "Аусбург" командасы болды. Былтырғы маусымда, соңғы сәтте ғана Бундеслигадағы орнын сақтап қалған Маркус Вайнцирль баптайтын ұжым, биыл бәрін таңғалдырып әдеттегідей турнир кестесінің 14-15 орындарына емес, тұп-тура еурокубоктік орындарға таласты. "Майнцтан" бір-ақ ұпай артта қалғаны болмаса, күзде бұл ұжымды Еуропа Лигасында көруіміз ғажап емес еді. Басқа-басқа Бундеслигада "Баварияны" жеңген команданы бірі "Боруссия Д" болса, екіншісі дәл осы "Аугсбург". Маусымның сәтсіз командасы, әрине "Гамбург". Сапында Ван дер Варт, Адлер, сияқты тәжірбиелі ойынщылары болғанымен де, ең бастысы команда жоқ. Ысылған ұжым болмаса, жеке ойыншылардың шеберліктері түк те бітіре алмайды. Әрі кетсе, 2-3 ойында сүйреп шығар. Келесі маусымда Бундеслигада доп тебу үшін, екінші дивизионда үшінші орын алған командамен шайқаста жеңіске жетуі тиіс. Соңғы турдың қалған ойындарының нәтижелерімен таныс болыңыздар; Шальке 04 -Ньюрберг-4:1 Голдар: Матип, 6 (1:0).Нойштэдтер, 45 (2:0). Дракслер, 75 (3:0). Обаси, 90+2 (4:0). Дрмич, 90+1 (4:1). Байер-Вердер-2:1 Голдар:  Гебре Селасси, 21 (0:1). Топрак, 33 (1:1). Сон Хюн Мин, 53 (2:1). Ганновер-Фрайбкрг-3:2 Голдар: Хусти, 45 (1:0). Шмид, 50 (1:1). Руднев, 65 (2:1). Зулехнер, 78 (2:2). Приб, 80 (3:2). Вольфсбург-Боруссия М-3:1 Голдар:  Де Брюйне, 30 (1:0). Крамер, 64 (1:1). Перишич, 68 (2:1). Кнохе, 81 (3:1). Хоффенхайм-Айнтрахт Б Голдар: Руди, 15 (1:0). Роберто Фирмино, 64 (2:0). Роберто Фирмино, 70 (3:0). Хохшайдт, 88 (3:1). Майнц-Гамбург-3:2 Голдар: Сото, 7 (1:0). Ласогга, 12 (1:1). Малли, 65 (2:1). Окадзаки, 82 (3:1). Иличевич, 84 (3:2). Аугсбург-Айнтрахт Ф-2:1 Голдар: Хоселу, 15 (0:1). Клаван, 29 (1:1). Хан, 79 (2:1).

 

Турнир кестесі.

 

М  Клуб ойын жеңіс тең жеңіліс доп айырымы ұпай
1  БАВАРИЯ 34 29 3 2 94-23 90
2  БОРУССИЯ Д 34 22 5 7 80-38 71
3  ШАЛЬКЕ 04 34 19 7 8 63-43 64
4  БАЙЕР 34 19 4 11 60-41 61
5  ВОЛЬФСБУРГ 34 18 6 10 63-50 60
6  БОРУССИЯ М 34 16 7 11 59-43 55
7  МАЙНЦ 34 16 5 13 52-54 53
8  АУГСБУРГ 34 15 7 12 47-47 52
9  ХОФФЕНХАЙМ 34 11 11 12 72-70 44
10  ГАННОВЕР 34 12 6 16 46-59 42
11  ГЕРТА 34 11 8 15 40-48 41
12  ВЕРДЕР 34 10 9 15 42-66 39
13  АЙНТРАХТ Ф 34 9 9 16 40-57 36
14  ФРАЙБУРГ 34 9 9 16 43-61 36
15  ШТУТГАРТ 34 8 8 18 49-62 32
16  ГАМБУРГ 34 7 6 21 51-75 27
17  НЮРНБЕРГ 34 5 11 18 37-70 26
18  АЙНТРАХТ Б 34 6 7 21 29-60 25

 

Сұрмергендер тізімі: 1. Роберт Левандовски(Боруссия Д)- 20 2.Марио Манджукич(Бавария)- 18 3. Йосип Дрмич(Нюнберг)- 17 Роберто Фирмино(Хоффенхайм)-17 4.Адриан Рамос(Герта)-16 Марко Ройс(Боруссия Д)-16   Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
ФУТБОЛ. ӘЧ. ТАҢДАМАЛЫ- 20
Келесі жаңалық
"Стандартты" жеңіс
Серіктес жаңалықтары
×