Неміс Бундеслигасына шолу

23.11.2014, 05:14
Неміс Бундеслигасына шолу
Ройс получил травму в матче с «Падерборном» Францияда өтетін Еуро-2016-ның іріктеу ойындарына байланысты кәрі құрлықтың чемпионаттары екі апталық үзіліс алған болатын. Ал, енді келесі жылдың наурыз айына дейін Еуропа, Чемпиондар Лигасы мен ішкі чемпионаттардың ойынымен тыныстайтын болады. Бүгін Неміс Бундеслигасында бірқатар ойындар болып өтті. Өткен турда менхенгладбахтық "Боруссиядан" басым түсіп, дортмундық "Боруссия" өз жанкүйерлерін біраз тыныштандырған болатын. Қатарынан екі ойында жеңіске жету үшін Клопп шәкірттері қонаққа, осы жылы ғана Бундеслигада ойнауға мүмкіндік алған "Падерборнға" барды. Бұл команда да, жоғарғы элитадағы бірінші маусымына қарамастан, оңай беріле салатын ұжым емес. Бұл команданың стадионына келген Бундеслиганың "кәрі қасқырларына" оңай соғып жүрген жоқ. Бірақ, ойынның басында біраз састы алаң иелері. Клооптың жігіттері қойсың ба, бірден шабуылдауға көшті. 12-ші минутта Обамеянг қорғаушылардың қателігін, "бір-біріне сенгіштігін" пайдаланып, 3-4 метр жерден соққы бағыттап есеп ашып кетті. Ал, бірінші таймның қосымша уақытында Ройс қақпашымен бетпе-бет шығып, таблодағы есепті 0-2-ге жеткізді. "Боруссия" өз жеңісіне ерте сенген болуы керек, екінші таймда босаңсыды. Ойынның 60-шы минутында Лукас допты алыс бұрышқа бағыттап есепті қысқартса, 81-ші минутта Саглик бұрыштама добынан кейін баспен соққы бағыттап стадионды дүр сілкіндірді. Алаң иелері үшін жеңіске пара-пар тең нәтиже, ал "Боруссияның" өкінішін Клопптың тұнжыраған жүзіне қарап-ақ байқамау қиын емес еді. Онымен қоса, бұл ойында Ройс соңғы 6 ай ішіндегі 3-ші жарақын алды. Кем дегенде 2 апта жасыл алаңға шыға алмауы мүмкін деген болжам да жоқ емес. Дегенмен, жақын арады жарақаттың қаншалықты ауыр екені белгілі болады. Падерборн-Боруссия Д 2:2(0:2) Голдар: 0:1 – 12, Обамеянг, 0:2 – 45+1, Ройс, 1:2 – 60, Рупп, 2:2 – 81, Саглик. Бундеслига. "Бавария" громит "Хоффенхайм", "Боруссия" Д теряет очки Ал, "Бавария" былтырғыдан да ерте чемпион болуды шешкен секілді. Жоқ, чемпион болатынына ешкім де шүбә келтірмейді, ресми түрде дегенім ғой. Маусымдағы 9-ші жеңісіне қол жеткізді. Бұл жолы тапталған-"Хоффенхайм". Гетце, Левандовски, Роббен, Роделер жауапсыз 4 гол тоғытып, 3 ұпайды қоржынға салды. "Бавария" үшін тағы бір жағымды жаңалық, Швайнштейгер ұзақ үзілістен кейін алаңға оралды. 90 минутты түгел ойнамаса да, бұл ойында нәтижелі пас беріп те үлгерді. Бавария-Хоффенхайм 4:0(2:0) Голдар: Гетце 23; Левандовски 40; Роббен 82; Роде 87. Шальке-Вольфсбург 3:2 Боруссия М-Айнтрахт Ф 1:3 Майнц-Фрайбург 2:2 Ганновер-Байер 1:3
                                  Турнир кестесі
1  БАВАРИЯ 12 9 3 0 31-3 30
2  ВОЛЬФСБУРГ 12 7 2 3 24-12 23
3  БОРУССИЯ М 12 5 5 2 16-9 20
4  БАЙЕР 12 5 5 2 20-16 20
5  ГАННОВЕР 12 6 1 5 10-14 19
6  ШАЛЬКЕ 04 12 5 2 5 17-17 17
7  ХОФФЕНХАЙМ 12 4 5 3 17-18 17
8  МАЙНЦ 12 3 7 2 15-14 16
9  ПАДЕРБОРН 07 12 4 4 4 18-18 16
10  АУГСБУРГ 11 5 0 6 14-12 15
11  КЕЛЬН 11 4 3 4 11-11 15
12  АЙНТРАХТ Ф 12 4 3 5 20-24 15
13  ФРАЙБУРГ 12 2 6 4 13-16 12
14  БОРУССИЯ Д 12 3 2 7 14-19 11
15  ГЕРТА 11 3 2 6 15-21 11
16  ВЕРДЕР 11 2 4 5 14-24 10
17  ШТУТГАРТ 11 2 3 6 14-25 9
18  ГАМБУРГ 11 2 3 6 4-14 9
Фараби ӘБДІХАЛЫҚ 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Германии. Бундеслига
12.21
Хольштайн
Аугсбург
19.30
П1
3.725
Ничья
3.52
П2
2.161
Чемпионат Германии. Бундеслига
12.21
Хоффенхайм
Боруссия Менхенгладбах
19.30
П1
2.408
Ничья
3.62
П2
3.085
Чемпионат Германии. Бундеслига
12.21
Айнтрахт Франкфурт
Майнц 05
19.30
П1
2.131
Ничья
3.89
П2
3.455
Чемпионат Германии. Бундеслига
12.21
Штутгарт
Санкт-Паули
19.30
П1
1.556
Ничья
4.685
П2
6.28
Чемпионат Германии. Бундеслига
12.21
Вердер
Унион Берлин
19.30
П1
2.285
Ничья
3.445
П2
3.475
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.21
Ипсвич Таун
Ньюкасл Юнайтед
20.00
П1
5.04
Ничья
4.175
П2
1.701
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.21
Вест Хэм Юнайтед
Брайтон энд Хав Альбион
20.00
П1
2.804
Ничья
3.72
П2
2.498
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.21
Брентфорд
Ноттингем Форест
20.00
П1
2.515
Ничья
3.605
П2
2.851
Чемпионат Испании. Примера
12.21
Сельта
Реал Сосьедад
20.15
П1
2.909
Ничья
3.21
П2
2.776
Чемпионат Италии. Серия А
12.21
Дженоа
Наполи
22.00
П1
5.79
Ничья
3.83
П2
1.719
Aladop Youtube
×