100 минуттық матчта "Манчестер Юнайтед" жеңіске жетті

23.11.2014, 07:16
100 минуттық матчта "Манчестер Юнайтед" жеңіске жетті
Лондондық "Арсеналдың" сәтсіздігі жалғасуда. Бұл демалыс күндеріндегі Еуропаның орталық матчында "қызыл сойқандарға" есе жіберді. Онымен қоса, маңызды екі ойыншысынан да айырылды. Әрине, айырылды деу артықтық болар, Щенсны мен Джек Уэлширдің жағдайын білмейміз. Бірақ, онсыз да жарақаттан көз ашпай жүрген "зеңбірекшілерге" бұл екі ойыншы да біраз уақыт алаңға шыға алмаса қиынның қиыны болары анық. Негізі, матчтың тағдырын шешуі екінші таймда болды. Бірінші таймда саусақпен санарлық қана қауіпті сәттер болды. Бүкіл 45 минут бойы екі команда бірін-бірі барлады. Есеп 56-шы минутта ашылған болатын. Гиббз әуелі өз қақпашысына кедергі жасап, оның жарақат алуына себепші болды. Кейін қақпадан қиыс кетіп бара жатқан допқа аяғын қойып, автогол авторы атанды. Щенсны алаңнан кетуге мәжбұр болып, орнына жас қақпашы Аргентиналық Мартинес шықты. Арсенал шабуылға лап қойып, де Хеаның қақпасына соққылар бағыттағанмен, испаниялық қақпашы үшін бүгінгі күн сәтті екен. Бірнеше сәттерде командасын голдан аман алып қалды. Ал, 85-ші минутта зеңбірекшілер шабуылды ойлап, қорғанысты ұмытқанын пайдаланып қарсы шабуылда "қызыл сойқандар" есепті еселеп кетті. Ди Мария Руниге пас беріп, тәжірбиелі сұрмерген, осы маусымда бірінші матчын өткізіп жатқан Мартинестің үстінен допты асыра салды. Қайдан алғаны белгісіз, төреші Майк Дин 8 минут қосты. Бұл уақытта Ди Марияда есепті ірілейтін мүмкіндік болған. Бірақ, пайдалана алмады. Алаңға тыңнан қосылған Жиру, әдемі голымен есепті қысқартатқанымен, одан артыққа Венгер шәкірттерінің қауқары жетпеді. Соқтығысып жүріп футболышар да матчты тура 100-ші минутта бітірді. АрсеналМан Юнайтед 1:2(0:0) Голдар: Жиру, 90+5 — Гиббз, 56 (өз қақпасына), Руни, 85 «Челси» выиграл у ВБА "Челси" өз алаңында күтілгендей-ақ "Вест Бромвичтен" басым түсті. Ойын тағдыры алғашқы жарты сағатта-ақ шешіліп қойғантұғын. Әуелі, Коста қорғаушылар арасынан сытылып шығып, өзінің чемпионаттағы 12-ші голын салса, 25-ші минутта Азар қонақтардың стандарттық жағдайдағы жауапсыздығын пайдаланып есепті еселеді. Оған қоса, қонақтар сапынан футболшы қуылды. Якоб Костаға қарсы өте дөрекі ойнаған болатын. 90-шы минутқа дейін есеп өзгермей, ақсүйектер кезекті оңай жеңісіне қол жеткізді. ЧелсиВест Бромвич 2:0(2:0) Голдар: Коста, 11, Азар, 25 "Манчестер Сити" де лондондықтарды алысқа ұзатып алмас үшін барын салып жүр. Соңғы кезде Пеллегрини командасының жағдайы жақсы емес. Сильва жарақатынан кейін, командада сүреңсіздік пайда болды. Чемпиондар Лигасында да сәтсіздік, ішкі біріншілікте де "Челсиден", "Саутгемптоннан" қалып келеді. Обзор матча Манчестер Сити 2 - 1 Суонси. Қонақта да, өз алаңында да өлмей беріспейтін"Суонсиді" қабылдады "қалалықтар". 9-шы минутта Бони есеп ашқан болатын. Бірақ, 10 минуттан кейін черногориялық жартылай қорғаушы Йоветич есепті теңестірсе, екінші таймда Яя Туре жеңісті голды соғып маңызды 3 ұпайды командаға сыйлады. Дегенмен де, "Манчестер Сити" Челсиден 8 ұпайға, бір ойын кем өткізген "Саутгемптоннан" 1 ұпайға қалып келеді. Манчестер СитиСуонси 2:1(1:1) Голдар: Йоветич, 19, Туре, 62 — Бони, 9 Эвертон-Вест Хэм 2:1 Лестер Сити-Сандерленд 0:0 Ньюкасл-КПР 1:0 Сток Сити-Бернли 1:2  Турнир кестесі
1  ЧЕЛСИ 12 10 2 0 30-11 32
2  САУТГЕМПТОН 11 8 1 2 23-5 25
3  МАНЧЕСТЕР СИТИ 12 7 3 2 24-13 24
4  МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕД 12 5 4 3 19-15 19
5  НЬЮКАСЛ 12 5 4 3 14-15 19
6  ВЕСТ ХЭМ 12 5 3 4 20-16 18
7  СУОНСИ СИТИ 12 5 3 4 16-13 18
8  АРСЕНАЛ 12 4 5 3 20-15 17
9  ЭВЕРТОН 12 4 5 3 22-19 17
10  СТОК СИТИ 12 4 3 5 13-15 15
11  ЛИВЕРПУЛЬ 11 4 2 5 14-15 14
12  ТОТТЕНХЭМ 11 4 2 5 14-16 14
13  ВЕСТ БРОМВИЧ 12 3 4 5 13-17 13
14  САНДЕРЛЕНД 12 2 7 3 12-19 13
15  ХАЛЛ СИТИ 11 2 5 4 13-15 11
16  АСТОН ВИЛЛА 11 3 2 6 5-16 11
17  ЛЕСТЕР СИТИ 12 2 4 6 11-18 10
18  БЕРНЛИ 12 2 4 6 8-20 10
19  КРИСТАЛ ПЭЛАС 11 2 3 6 14-20 9
20  КПР 12 2 2 8 11-23 8
 
Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
Неміс Бундеслигасына шолу
Келесі жаңалық
Театр маусымы аяқталды
Серіктес жаңалықтары
×