«Неміс мәшинесінің» мысы басты

30.03.2011, 19:04
«Неміс мәшинесінің» мысы басты

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Кайзерслаутернде азуын айға білеген Алмания аяқдопшыларымен кездесіп, 0:4 есебімен ойсырай ұтылды. Бұл Қазақстан құрамасының 2012 жылғы Еуропа чемпионатының електік додасы аясындағы бесінші ойыны болатын. Кездесу қарсаңында Аталмыш кездесу алдында Қазақстан құрамасының бас бапкері Мирослав Беранек пен жаңадан сайланған команда капитаны Қайрат Нұрдәулетовтің қатысуымен баспасөз мәжілісі өтті. Бас бапкер бұл жолы да астарлы теңеуімен азуы алты қарыс Германияға әзірше шамамыздың жетпейтіндігін сездірді. «Тышқан» «мысықтың» үйіне қонаққа келді» деп, екі команданың шама-шарқын тұспалдап өтті. Алайда жасыл алаңда табан тіресе ойнап, олардың қарқынды шабуылдарына төтеп берудің жолдарын қарастырып жатқанда­рын да тілге тиек етті. «Доп көбіне солардың аяғында болып, бізге негізінен бос салпақ­тауға тура келеді» деп, бұл ойынның соншалықты оңай болмасын да меңзеп өтті. Ал үр жаңа капитан: «Ешқайсымыз да «біз олардан бәрібір ұтыламыз» деп, жеңіліске мойынсұнып шықпаймыз ғой, қарсылық көрсетуге тырысамыз», – деді. Айналайын, қазақстанның немістері! Сол күні-ақ стадион маңында отандастарын іздеп жүрген бұрынғы қазақстандық немістерді көрдік. Бірі «Қарағандыдан ешкім жоқ па?» десе, екіншісі «Қостанайдан едім» деп, бізбен тілдесуге құштар. Тіпті бізді көріп, бас салған қазақ келіншегі де болды. Күйеуі неміс екен. Салған жерден «қазақша сөйлейсіңдер ме, ана тілімді сағындым» деп тебіренді. Бізбен көп сөйлесті. Кеткісі жоқ. «Үйге жүріңдер, қою күрең шайды сағынған боларсыңдар» деп, қазақы қонақжайлығымен бәріміздің жүрегімізді елжіретті. Базаркүл кешкісін Қазақстан құрамасының жаттығу жұмысына да келіп, төркіндерін көргендей егілді. Қазақстандық немістер біздің елден кеткендеріне 20 шақты жыл болса да, «ертең туған еліміздің футболшыларын қолдап, солардың тілеуін тілейтін боламыз» деп, жа­нымызды жадыратты. Ертеңінде, шынымен-ақ, стадионға ағылған немістер көп болды. Бәрі еліміздің көк байрағын сатып алып, туымызды төбелеріне көтерді. Оларға Германияда тұратын қазақтар мен сол жақта білім алатын студенттеріміз қосылды. Қазақтың шапанын иықтарына жапқан егде адамдар мен бастарына мұрақ киген орта жастағы жерлес­теріміз де бірсыпыра болды. Алматының өзінде футболға шапан киіп келетін қазақты үнемі көрмейтіндіктен, біз бұған қатты сүйсіндік. Германия – Қазақстан арасындағы ойын кезінде олар айқайлап, футболшыларымызды демеп-жебеп отырды. Бірінші таймда «Алға, казахи, алға!» деп әндетсе, матчтың екінші жартысында – «Алға, қазақтар, алға!», содан соң «Алға, Қазақстан, алға!» деп айқайға басты. «Мысық» пен «тышқанның» ойыны Кеңес Одағына қарсы соғысқан футболшы Фритц Вальтер атындағы стадиондағы ойын басталған бетте Чичулин толғанысын тарата алмаған ба, қателесіп, оған Қонысбаев пен Гетериев көмекке ұмтылды. Мұның арты ойын ережесін бұзумен аяқталды. Стандартты ойын сәтін немістер мүлтіксіз орындап, есеп ашты. Біздің футболшылар не болғанын түсінбей де қалды. Теңбіл доп қақпа ішінде тулап жатқанда ғана естерін жиып, бір-біріне аңтарыла қарады. Тым тез соғылған гол оларды сең соққандай күйге түсірді. Жүндері жығылып сала берді. Қорғаушыларымыз үзіліске дейін тағы да екі рет өрескел қателік жіберіп, екпін алған немістер тағы екі гол соқты. Екінші таймда алаң иелері қарқындарын бәсеңсітіп, біздің ойыншылар арагідік шабуылға шығуға мүмкіндік алды. Алайда жергілікті жанкүйерлер өз футболшыларының тізгін тартқан қылықтарын қош көрмей, тағы да гол соғуларын талап етумен болды. Көп ұзамай олардың бұл тілектері де орындалып, неміс футолшылары біздің қақпаға төртінші голды тоғытты. (Бұл ойын жайлы сараптамалық материалымызды газетіміздің ертеңгі санынан оқи­сыздар).

алаш айнасы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.376
Ничья
5.45
П2
8.65
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
2.007
Ничья
3.995
П2
3.605
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.967
Ничья
3.82
П2
3.91
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.518
Ничья
4.79
П2
6.31
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.24
Ничья
3.63
П2
2.264
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.436
Ничья
3.83
П2
2.823
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
4.17
Ничья
3.76
П2
1.922
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.069
Ничья
15.5
П2
35
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.682
Ничья
4.535
П2
4.74
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.153
Ничья
9.2
П2
20
×