Ненад Адамович: «Деңгейімізді чемпионат барысы көрсетеді»

23.02.2021, 00:56
Ненад өткен маусымда «Жетісу» клубының намысын қорғады.
Ненад Адамович: «Деңгейімізді чемпионат барысы көрсетеді»

«Тараз» командасына ауысқан сербиялық жартылай қорғаушы Ненад Адамович клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында өзінің алға қойған мақсаты жайлы әңгімеледі.

- Ненад, сіз «Таразға» қарсы бірқатар матчтар өткізген ойыншысыз. Команданың деңгейіне қандай баға бересіз?

- Иә, мен «Таразға» қарсы бірнеше мәрте ойнағанмын. Әрбір кездесу оңай болған емес. Қазір команданың қай деңгейде екендігін айту әлі ерте деп ойлаймын. Қазір оқу-жаттығу жиындарындағы басты мақсатымыз – тактикалық және физикалық тұрғыда шынығу, маусымға дайындалу. Біздің деңгейімізді чемпионат барысы көрсетеді.

- Жаңа командамен қандай жетістікке жетемін деп ойлайсыз?

- Шыны керек, оны қазір айтқым келмейді. Нақтырақ айтқанда, сөзбен емес іспен көрсеткенді жөн санаймын. Біз қандай нәтижеге қол жеткізгіміз келетінін жасыл алаңда көрсетуіміз керек.

«Тараз» КФК баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×