«Шахтер» Армения құрамасының ойыншысымен келісім-шартқа отырды

23.02.2021, 01:06
Удо - Сенегал елінің азаматы
«Шахтер» Армения құрамасының ойыншысымен келісім-шартқа отырды

"Шахтер" футбол клубы Армения ұлттық құрамасының ойыншысы Соломон Удомен келісім-шартқа отырды.

25 жасар нигериялық жартылай қорғаушы соңғы 5 маусымды Армения чемпионатында өткізді және осы елдің ұлттық құрамасында алдыңғы жылы дебюттік ойынын Эстонияға қарсы өткізді. Ол қарағандылық клубқа ауыспас бұрын "Арарат, "Улисс", "Ширак" және "Урарту" (барлығы - Армения) және бельгиялық "Эйпен" сапында өнер көрсеткен.

"Шахтер" бұған дейін сербиялық футболшы Вук Митошевич және хорватиялық қорғаушы Иван Графты қатарға қосқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×