«Марсель» клубын кімнің жаттықтыратыны белгілі болды

22.02.2021 21:13 Лига 1

«Марсельдің» бұрынғы бапкері Виллаш-Боаш осы айдың басында қызметінен кеткен еді.

«Марсель» клубын кімнің жаттықтыратыны белгілі болды

Аргентиналық бапкер Хорхе Сампаоли франциялық "Марсельдің" жаңа бас бапкері болады. Бұл туралы инсайдер Фабрицио Романо хабарлады.

60 жастағы маманмен келісім-шарт 2023 жылға дейін жасалады. Романо "Марсельдің "Челси" мен "Ювентустың" бұрынғы жаттықтырушысы Маурицио Сарриға ұсыныс жасағанын, бірақ ол Францияда жұмыс істеуден бас тартқанын мәлімдеді.

Еске сала кетейік, айдың басында португалиялық маман Андре Виллаш-Боаш өз қызметінен кеткен болатын.

2015 жылы Сампаоли Чили құрамасымен бірге Америка Кубогінде топ жарды. Ол сонымен қатар 2018 жылғы әлем чемпионатында Аргентина құрамасын жаттықтырды. Қазір бразилиялық "Атлетико Минейро" клубында қызмет атқарып жүр.

0 пікір