Андрей Тихонов: «Бізге тағы екі-үш позицияны күшейту керек»

22.02.2021, 22:11
«Астана» жақын арада Роман Мұртазаевпен келісім-шартқа отырады.
Андрей Тихонов: «Бізге тағы екі-үш позицияны күшейту керек»

"Астананың" бас бапкері Андрей Тихонов "Рух" клубына қарсы (6:2) өткен жолдастық кездесу туралы пікір білдірді:

- Мен есепке риза болдым, ойында біз ұмтылатын сәттер бар. Бізге әлі жұмыс жасау керек, Суперкубок ойынына дайындалу үшін әлі де уақыт бар. Кейбір сәтте біздің ойын өте қызықты болды, жігіттер жақсы қимылдады, әсіресе бірінші таймда. Жігіттерге ауыр жүктеме берілді. 70 минуттан бастап мен ойынға барлығы қатыса алатындай алмастырулар жасай бастадым. Қорытынды есеп біз үшін ыңғайлы болды және біз нәтиже үшін ойнадық. Жақсартуды қажет ететін жайттар бар. Бізге ойынды күшейту қажет. Біздің қосалқы құрамда жас жігіттер отыр. Біз жетістікке қол жеткізгіміз келсе, әлі де екі-үш позицияны күшейтуіміз керек.

- Жаңадан келген Ароян мен Смайлагичтің ойыны туралы не айта аласыз?

- Біздің команда өте жақсы, бізге кез-келген футболшы сіңісіп кетеді. Шабуылшы гол соғуы керек, қорғаушы гол жіберіп алмауы керек. Сондықтан шабуыл шебін де, қорғаныс шебін де күшейтуіміз қажет. Жағдай ешқашан керемет болмайды.

- Кеше сіз күткендей ойын болды ма?

Бірінші тайм дәл мен ойлағандай өтті. Команда 90 минут бойы бірінші таймдағыдай ойнай алмайды. Жақсартуды қажет ететін тұстар бар, жақсы мүмкіндіктер де болды. Біз дайындалып жатырмыз, бірақ команданы күшейтпесек, бізге өте қиын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×